2021 жылдың 13 мамыр күні партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында пандустарға рейд жүргізді.
2021 жылдың 13 мамыр күні партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Ақжайық ауданы “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен мониторинг топ құрамы ауданымыздағы Halyk Bank, Қазпочта, білім беру мекемелері мен мемлекеттік мекемелердің пандустарына рейд жүргізді. Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы мүгедектер саны 1398 адам. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытының бірі-оларға кедергісіз орта құрып, қоғамға етене араластыру болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жағдай жасалуда. Олардың әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіріп-шығуы үшін арнайы пандус орнатылған. Орнатылған пандустар талапқа сай келуі тиіс. Біз аралаған мекемелердегі пандустарда бірқатар кемшіліктер бар, ұсыныстар берілді. Мекеме басшылары кемшіліктерді алдағы күндері түзейтінін айтты.
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі кезеңде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделу сапасы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін inva.gov.kz порталына енгізілген әлеуметтік және инфрақұрылым обьектілерінің 20%-ы жыл аяғына дейін 100% толық қолжетімді болуы үшін ауданымызда мүгедектерге арналған әлеуметтік нысандардың бейімделу бағытын тексеру бойынша мониторингтік топтың құрамы бекітілгендігі жөнінде хабарлаймыз.
