Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын бақылау және қадағалау, сондай-ақ отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара әрекет етіп, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында құрылған топтың жұмысымен таныстырды. Кеңестің отырысына Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің проректоры, «Асыл бала» республикалық қауымдастығы қоғамдық қорының төрағасы Балиева Зағипа Яхяновна қатысып, ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар отырыс барысында «Отбасы банкінің» өкілі Имашева Алмагүл банктің қазіргі таңда жүріп жатқан мемлекеттік бағдарламалары туралы айтып өтті.

0
0
177

"Бақытты отбасы"партиялық жобасы аясында "Шарын"БПҰ мамандары аз қамтылған отбасыларға барып қайтты.

Бүгін "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында "Шарын" БПҰ мамандары аз қамтылған отбасыларға барып қайтты. Кездесу барысында бүгінгі мерекемен құттықтап, азық-түлік себеттерін таратты.

0
0
176

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.

0
0
397

31 мамыр - қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай іс - шара ұйымдастырылды.

Бүгін ауданымызда 31 мамыр - қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай іс - шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аудан әкімі , Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы Шухрат Турдахунұлы , аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Мұқажанұлы және аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Аблеким Қозбағарұлы қатысып,сөз сөйледі.

0
0
172

21 мамыр күні аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізілді.

«Nur Otan» партиясының жанынан партияның сайлауалды бағдарламасаның орындалуы мен жүзеге асырылуын бақылау мақсатында құрылған қоғамдық кеңестердің жұмысы бастау алып жатыр. Ағымдағы жылдың 21 мамыр күні аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңестің төрағасы Ашимов Алимжан Тохтиевич қоғамдық кеңестің жаңа құрамын таныстырып өтіп, кеңестің мақсаты мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының жоспарын толықтай түсіндіріп өтті. Сондай-ақ 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын кеңес мүшелерімен талқылап, бекітті.

0
0
162

Катонқарағай, Белқарағай, Топқайың ауылдарының тұрғындарымен кездесу.

Катонқарағай, Белқарағай, Топқайың ауылдарының тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындар өзекті мәселелерді қозғап,өздерін мазалаған сұрақтарды қойды: - Катонқарағай ауылының жылу жүйесінің қазандығы апаттық жағдайға жеткен, сондықтан оны ауыстыру керектігі жөнінде сөз қозғалды - Ауылды сумен қамтамасыз ету, жылу желілері жайлы сұрақтар қойылды - Белқарағай ауылының көшесін асфальттау,Өрнек ауылының кірме жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі сұралды - Қарт анамыз баспана сұрағын көтерді - Ауыл маңында жайылымдық жерлер жоқ екендігі айтылып,сол жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілсек деген өтініштерін білдірді - Тұрғындардың ең басты мәселесі ауыл көшелерін жарықтандыру мен интернет жайлы сұрақтар да аз болмады. Және де мен атқарылған жұмыстарға есеп бердім!

0
0
204

27 мамыр күні аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмнсінде аудан әкімі Д.Қ Қалиқан.

2021 жылдың 27 мамыр күні сағат 15-00-де «Nur Otan» партиясы Катонқарағай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімі, филиал төрағасы Д.Қ.Қалиқан азаматтарға қабылдау жүргізеді. Қабылдау мына мекен-жайда:Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан к-сі, 116 үй, бірінші қабаттың оң жағы. Тіркеу 87234122320 телефоны арқылы жүргізіледі.

0
0
124

2021 жылғы аудандық бюджетте "Ауыл - Ел бесігі" жобасына қаражат қарастырылған.

Құрметті жерлестер! Барлық депутаттар әлеуметтік желілерден өз парақшаларын ашқан, ол жерде депутаттық іс-қызметтер туралы ақпараттарды орналастырып отырады, сонымен қатар мәслихат жұмысы туралы ақпарат аудан әкімінің ресми сайтында, инстаграм, фейсбук парақшаларында, аудандық мәслихаттың парақшасында орналастырады. Аудандық мәслихатта үш тұрақты комиссиясы жұмыс істейді. Олар: - депутаттық өкілеттілер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия - бюджет және қаржы, ауданның экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия - әлеуметтік даму және тұрғындардың мүддесін қорғау жөніндегі комиссия. Мен "Бюджет және қаржы, ауданның экономикалық даму" жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайландым. Осы атқарылған жұмыстар бойынша мамыр айында сайлаушылар алдында мәслихаттың ж…

0
0
139