Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балалар кітапханасы ашылды!

Халықаралық балаларды қорғау күні, Балалар мен жасөспірімдер оқуына қолдау көрсету жылы Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының балаларына баға жетпес сыйлық жасалды - аудан орталығында Балалар кітапханасы ашылды! Бұл оқиғаны жүздеген балалар күтті, өйткені балалар кітапханасы - бұл дамуға, жаңа нәрселерді үйренуге, достарымен сөйлесуге және ең бастысы кітап кейіпкерлерімен бірге оқуға, өсуге және армандауға болатын орын. ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен қолға алынған Балалар мен жасөспірімдер оқуынақолдау көрсету жылы балалар кітапханасының ашылуына серпін берері сөзсіз. Жарияланған Жылдың мақсаты - бүкіл қоғамның назарын еліміздің дамуы үшін балалар мен жасөспірімдер оқуының маңыздылығына аудару және осы мақсатқа қол жеткізуге облыстың барлық балалар кітапханаларының күш-жігері бағытталды.

В Международный День защиты детей, в Год поддержки детского и подросткового чтения был сделан бесценный подарок детям района Беимбета Майлина Костанайской области — в районном центре была открыта Детская библиотека! Этого события ждали сотни ребят, ведь детская библиотека - это место, где можно развиваться, учится новому, общаться с друзьями и самое главное, читать, расти и мечтать с героями книг. Импульсом для открытия детской библиотеки несомненно послужил инициированный Национальной Академической библиотекой РК Год поддержки детского и подросткового чтения. Цель объявленного Года — обратить внимание всего общества на важность детского, подросткового чтения для развития страны и на достижение этой цели направлены усилия всех детских библиотек области.

0
0
237

Осы тақырып бойынша

Балалар кітапханасы ашылды! - Yvision.kz