Мазмұнға өту

Жаңа

"Бақытты отбасы"партиялық жобасы "Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым» атты акция аясында

«Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық төтенше жағдайлар қызметі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, аудандық Қазақтелеком, Тасқала селолық округінің мамандарының қатысуымен "Бақытты отбасы" партиялық жобасы "Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым» атты акция аясында ашық люктардың болуы, аулаларды жарықтандыру, қозғалыс қауіпсіздігі белгілерін тексеру мақсатында Тасқала ауылында рейд жұмысы ұйымдастырылды. Рейд барысында жазғы демалыс кезінде балалар көп жиналатын ойын алаңдарының, «Street workout» алаңдарының жазғы кезеңге дайындығы, люктардың қақпақтары мен жол ережелерін сақтау белгілері тексерілді. Тексеріс барысында кейбір мекемелерге ашық люктарға және кәр…

0
0
233

Жаратылыс - Леуіліктер кітаптарына талқылау (1 том)

ЖАРАТЫЛЫСI Адамды жаратуыКейін Құдай былай деді: "Адамды Өз бейнемізге сай, Өзімізге ұқсатып жаратайық". Жаратылыс 1:26 Адамдар өздерінің шығу тегін әрдайым ата-анасына, жиі ата-тегіне қатысты қарастырады. Бірақ алғаш адамның "Қашан" не "Қалай" пайда болғаны жайлы, не Жаратушының қолынан шыққаннан бері олардың табиғатында өзгеріс орын алғаны жайлы өте сирек қарастырады. Адам сияқты тіршілік иесі жоқ болған кездің бар екендігін тіпті сананың өзі бізді үйрете алады; себебі әр салдың себебі болуы керек. Сондықтан, адамның шығу тегін қаншалықты байырғы замандарға қарап анықтауға тырыссақ та, адамның пайда болуы, мәңгі өзінен-өзі бар болатын, ақыл Иесінің ісінің жемісі. Бірақ біз өз санамыздың нақты емес шешімдеріне қарап қалған жоқпыз. Құдай біздің жаратылуымыздың уақытын және оның қалай болғ…

0
0
350

Ағымдағы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 86 мыңнан астам мүгедектігі ...

Ағымдағы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 86 мыңнан астам мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6 мыңнан астам – ымдау тілі қызметін, 30 мыңнан астамы – жеке көмекшінің қызметін, 28 мыңға жуығы – санаторлық-курорттық емдеуді алды және 36 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыстарды ресімдеді. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/210719...***С начала т.г. через Портал социальных услуг более 86 тыс. лиц с инвалидностью получили технические средства реабилитации, более 6 тыс. – услуги жестового языка, свыше 30 тыс. – услуги индивидуального помощника, порядка 28 тыс. – санаторно-курортное лечение, и более 36 тыс. человек оформили заказы на гарантированные социальные пакеты. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news…

1
1
574

«Балалар үшін қауіпсіз» акциясы

Акцияға қатысқан аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев, аудандық төтенше жағдайлар жіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары, Федоровка ауылдық округ әкімі А.Аубакиров аудан орталығының көшелеріне рейд жүргізді. Рейд барысында люктер тексерілді, қозғалыс қауіпсіздіне назар аударылды.

0
0
182

Департамент басшысы М.Т. Мұратбековтің Рудный қаласындағы № 2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ...

Департамент басшысы М.Т. Мұратбековтің Рудный қаласындағы № 2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жұмыс сапарыАғымдағы жылдың 01 маусымында департамент басшысы М.Т. Мұратбеков қоғамдық кеңеспен бірге жұмыс сапары аясында "Рудный №2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де болды.Бұл орталықта 149 қызмет алушы тұрады – бұл 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар 1 және 2 топтағы мүгедектер. Орталықты аралау барысында тұру жағдайымен және алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін ұсыну сапасымен танысты.Қазіргі уақытта Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі профилактикалық бақылау аясында осы мекеменің қызметіне тексеру жүргізуде.Департамент басшысы Орталықта күрделі жөндеу жүргізу және қызмет алушыларға жиһазды жаңарту қажетті…

0
0
285

Балаларды қорғау күнінде "Тәуелсіздік өрендері" жазғы мектепалды лагерінің ашылу салтанаты өтті.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі" КММ Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30жылдығына орай 1 маусым Балаларды қорғау күнінде "Тәуелсіздік өрендері" жазғы мектепалды лагерінің ашылу салтанаты өтті. Мектеп жанындағы лагерьде 22 оқушы демалады. Бұл оқушылар бір уақыт ыстық тамақпен қамтылып, тәрбие тұжырымдамасының 8 бағыты бойынша құрылған жоспарға сай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

0
0
199

Жол картасына талқылау жасады

Жарма аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының депутаты Разиева Диляра Бағдатқызы «Nur Otan» партиясы Жарма аудандық филиалында «Jas Otan» Жастар Қанатының мүшелері М.Н.Исина мен М.Қ.Рамазанмен кездесу өткізіп, "Жастар Отанға" Жол картасына талқылау жасады.

0
0
119

Тікелей эфир

Жарма аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының депутаты Разиева Диляра Бағдатқызы Қалбатау ауылындағы азаматтарды жеке мәселелері бойынша әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізу арқылы қабылдау өткізіп, қойылған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

0
0
160

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Катонқарағай ауданының "Абай" орталық саябағында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, "Бақытты бала-бақытты ел" акциясы аясында 1маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Өлкенің гүл жайнаған балғындары" атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жүрегімізді жадырататын сәбилердің сыңғыр күлкісіне толы мереке аудан әкімінің орынбасары Ж.Д.Сыдыкованың құттықтау сөзімен ашылды. Мерекелік шара барысында ауданымыздың музыка мектебінің, Шығармашылық Үйінің, Үлкен Нарын ауылдық лицейдің оқушылары өнер көрсетті. Ертегі кейіпкерлерінің өткізген ойындарына балалар қызыға қатысты. Сонымен қатар, балалар арасында асфальтта сурет салу сайысы өткізіліп, жеңімпаз балалар марапатталды.Тәуелсіз еліміздің болашағы - бүлдіршін балаларымызды мерекелерімен құттықтаймыз!

0
0
248

Коробиха ауылының саябағында "1 маусым - Балаларды қорғау күніне"арналған мерекелік іс-шаралар өтті.

Бүгін Коробиха ауылының саябағында "1 маусым - Балаларды қорғау күніне"арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Ауылдық клуб түрлі ойындар мен жарыстар ұйымдастырды. Қайырымды істер марафоны аясында клуб және кітапхана ұжымы барлық балаларға тәтті сыйлықтар таратты.

0
0
193