Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер қанша болса , сол мемлекеттердің барлығында бірінен бірін ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын шышан белгілері-рәміздері болады. 2 маусым күні аудандық орталық модельді кітапханада «Еліміздің ерекше белгілері-рәміздер» атты кітапханалық колейдоскоп өтті. Рәміздер күніне орай, биыл «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында поэзия жанрында таңдалынып алынған Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» кітабын таныстырып, кітапқа арнайы дайындалған слайдты көрермендер назарына ұсынылды. Аталған кітап бойынша өлеңдер оқылып, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берілді. Жеңімпаздарға Бұқар жырау Қалқаманұлының кітабы сыйланды.

Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін. Мереке құтты болсын!

0
0
307

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. - Yvision.kz