Оралда нұротандықтар мұқтаж жанның үйін жөндеуге кірісті
Оралда нұротандықтар мұқтаж жанның үйін жөндеуге кірісті Оралда нұротандықтар көмекке мұқтаж жанның үйін жөндеуге кірісті. Қала тұрғыны Рая Мұқашеваға жәрдемдесіп жатыр. І топтағы мүгедек Раяның көзі көрмейді, бірге тұратын сіңлісі де мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында. Биыл жатақхананың бір бөлмесіне қоныстанған апалы-сіңлілердің зейнетақысы несиесінен ауыспайды. Баспанасын өздігінен жөндей алмай қиналғасын, «Nur Otan» партиясынан көмек сұраған. Қамкөңіл жанның өтінішіне құлақ түрген партиялықтар бірден іске кірісті. Ескірген есік-терезені ауыстырып, еденін жаңартып жатыр. Рая МҰҚАШЕВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Партия ұжымына көп рақмет! Осылай көмек сұрап барған адамдарға көмек көрсетіп, қуантып жатқандарына көп рақмет! Алғысым шексіз! Көптен жөндеу көрмеген бөлмеде түрлі зиянкес қапта…