Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық қабылдау өтеді

Қоғамдық қабылдау өтеді.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Бисембаев Азамат Танырбергенович 17 маусым күні, сағат 10:00-12.00-де аймақта короновирустық жағдайдың күрделенуіне байланысты, санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарымен онлайн және WhatsApp желісі арқылы жеке қоғамдық қабылдау өткізеді.

Қандай да бір өтініш, ұсыныс-пікірлеріңіз болса, Шыңғырлау аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз.

Мекен-жайымыз: Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі, №114 а үй.

Байланыс: 8(711) 37 34-100 .

0
0
177

Мүгедектерді кәсіптік оңалту.

Мүгедектерді оңалтудың кәсіптік бағдарламасын медициналық ұйымның ДКК қорытындысы (31/у нысаны) негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары әзірлейді.Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (ОЖБ) ұсынысы бар барлық санаттағы мүгедектер, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім алатындарға табыстарды есепке алмағанда, Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алумен байланысты нақты құны бойынша оқу ақысын төлеуге құқығы бар. Төлемді алу үшін өз өңірінің жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіну қажет. ОЖБ - дан басқа міндетті түрде оқу құнын көрсете отырып, өзімен бірге оқу орнынан анықтама немесе шарт болуы тиіс. Оқуға ақы төлеу өңірдің әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан жүргізіледі. Ағымдағы жылдың алты айында облыс бойы…

0
0
252

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Қайырымды істер марафоны"

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған "Қайырымды істер марафоны" аясында Покатилов ауылында аудандық мәслихат депутаты Николай Сунцовтың қатысуымен оздырылған "Біз біргеміз" акциясы өтті. Акция аясында Покатилов мәдение үйінің және ауылдық кітапхана қызметкерлері ауыл қариялары Вера Николаевна Поберей және Камзина Сайлау апайға аулаларын жинауға көмек көрсетілді.

0
0
197

Мемлекеттік рәміздер күні

Жастарға патриотизмді насихаттау, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті дәріптеу мақсатында және де Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай 4 маусым күні «Рәміздер – елімнің мақтанышы!» тақырыбына ауданның «Жазғы мектеп-терінде» сынып сағаттары, викториналар, "Оқуға құштар мектеп" жобасы, "Ашық аспан астындағы мектеп кітапханалары" атты акциясы аясында саябақтар мен скверлерде OPEN AIR бағдарламасы форматында "Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің айнасы" тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу шарасы және т.с.с. шаралар ұйымдастырып өткізілді.

0
0
138

Мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өтті.

11 маусым күні «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кіші мәжіліс залында партия жанынан құрылған экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық Кеңестің жұмыс жоспарын талқылау бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында негізгі жұмыс бағыттары бойынша ұсыныстар жинақталып, өңірдің басты экологиялық мәселелері талқыланды.

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
133

Дүйсенбіден бастап ХҚО бөлімдері, Мамандандырылған клиенттерді Ashyq арқылы қабылдай бастайды

Дүйсенбіден бастап бас мемлекеттік санитар дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы№ 27) қаулысына сәйкес, Орал қ. ХҚО бөлімдері және Мамандандырылған ХҚО клиенттерді Ashyq арқылы қабылдай бастайды.Қосымшаны App Store және Google play-ден жүктеуге болады. Сондай-ақ Ashyq қызметі kaspi.kz, Homebank @HalykBank және eGov mobile қосымшалары арқылы қолжетімдіСанитарлық талаптарды сақтауды ұмытпаңыз - бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз.______По постановлению (№ 27 от 11 июня 2021 года) главного государственного санитарного врача с понедельника отделы ЦОН и СпецЦОН г.Уральск перейдут на прием клиентов через Ashyq.Приложение можно скачать в App Store и Google play. Также, сервис Ashyq доступен через приложения @kaspi.kz, Homebank @HalykBank и eGov mobileПросим…

0
0
238

Облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов тұрғындарды қабылдады.

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық қоғамдық қабылдауына қатынасқан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Есқайыр Елемесов Жәнібек ауылы №5 үй 3 пәтердің тұрғыны, зейнеткер Меңсұлу Жұмақұлованы жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізді.Қабылдауда Менсұлу Жұмақұлова өзінің тұрғын үйі жөндеуді қажет ететіндігін жеткізіп, оның материалдық жағдайына байланысты үйді жөндеуден өткізу үшін көмек көрсетуді сұрады. Осы өтінішке байланысты Есқайыр Елемесов жәрдем көрсету бойынша шаралары қолға алынатындығын хабардар етті. Нәтижесінде, Есқайыр Елемесов жетекшілік ететін «Символ» ЖШС тарапынан үйді жөндеуден өткізу (терезелерді ауыстыру) бойынша қажетті жұмыстар атқарылды.Қамқорлық танытып, қолұшын бергені үшін Меңсұлу Жұмақұлова Есқайыр Елемесовке және «Символ» ЖШС ұжымына өз ризашылығын…

0
0
360

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының кіші мәжіліс залында партия жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.Отырыс барысында қоғамдық кеңестің төрағасы болып Орталық партия аппаратының келісімімен Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы тағайындалды.Бауыржан Аяпбергенұлының білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтының, сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын тәмамдаған.Көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарда болған. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығы директорының орынбасары.2007 жылдан бастап партия мүшесі, 2013 жылдан бастап 8 жыл бойы партия филиалы жанындағы аталмыш кеңестің тұрақты мүшесі.Осыған дейін кеңес төрағасының қызметін атқарғ…

0
0
313

«Nur Otan» партиясы БҚО-тық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Батыс Қазақстан облысының көрнекті тумалары: Жұбан Молдағалиев, Хамза Есенжанов, Қадыр Мырза Әли, Ескендір Хасанғалиев, Дәулеткерей Шығайұлы, Қапан Мусин, Нағым Меңдіғалиев, Айтқали Нәріков және т.б. өнер туындыларын насихаттау. Сонымен қатар Батыс өлкесінің ақындары мен жыраулары – әдебиет тарихында есімі аз аталатын, бірақ аймақта кең таралып, күні бүгінге дейін жырлары жатталған шығармашылық өкілдерінінің рухани мұрасын ғылыми тұрғыдан сарапталды. Батыс өңіріне ғана емес барлық Қазақстан жеріне атағы шыққан жерлестердің туындылары мен еңбектерін БАҚ беттеріне жариялап қана қоймай, арнайы, ресми сайттарға мақалалар жариялап отыру біздің бірден – бір міндет. Бұға…

0
0
237