Перейти к содержимому
jasotan.zko.kz

Филиал г. Уральск

@jasotan.zko.kz

Сайтта 2021 ж. 28 мамырКазахстан, Уральск

Официальная страница общественной организации "Jas Otan" Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

8

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Ақжайықтық жастар мұқтаж жанның үйін жөндеді

Қала тұрғыны Рая МұқашеваІ топтағы мүгедек көзі көрмейді, бірге тұратын сіңлісі де мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында. Биыл жатақхананың бір бөлмесіне қоныстанған апалы-сіңлілердің зейнетақысы несиесінен ауыспайды.

Баспанасын өздігінен жөндей алмай қиналғасын, «Nur Otan» партиясынан көмек сұраған. Қамкөңіл жанның өтінішіне құлақ түрген партиялықтар бірден іске кірісіп «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Ашықова ескірген есік-терезені ауыстыруға демеушілік білдіріп, еденін жаңартты. «Біз Біргеміз!» жастар қозғалысының еріктілері мен «Орал жастар» еріктілері жарларын тегістеп , түсқағаздарын жабыстырып толық жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.

1
0
161

Жастар бастамаларын қолдауға арналған консультациялық көмек берілді

✅Қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен кеңес берудің мақсаты- жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.

⏳Жүйелі жүзеге асқан «Жастарға кеңес» жобасында: 🌳"Жасыл ел" бағдарламасы, Тұрғын үй бағдарламалары, 🙇Волонтерлік кеңес, 👷‍♂️Жұмыспен қамту Теологиялық кеңестер берілді. ⚜Аталмыш іс-шара ел азаматтарын барлық инновациялар туралы толығымен хабардар етуге мүмкіндік береді.

1
0
165

23 маусым - Мемлекеттік қызметші және Полиция күні

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз!

Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!🇰🇿

1
0
162

"Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗСапалы білім алуға ынталы, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын, өзінің және елінің болашағы үшін жауапкершілікті терең сезіне отырып, біздің құндылықтарымыз бен қағидаттарымызға ортақтасатын әрбір жас қазақстандық патриоттың мүддесін білдіру және қолдау. БІЗДІҢ ЖОБАЛАР«Jastar – Otanga!» жастар саяси лагеріМақсаты: жастардың саяси резервін қалыптастыру, дарынды, белсенді және креативті жастарды қолдау.Жыл сайын «Jas Otan» ЖҚ-мен 200-ден астам жас үшін «Jastar – Otanga!» жастар саяси лагері ұйымдастырылады. Лагерьде тәжірибелі және танымал жаттықтырушылар дәрістер, түрлі тренингтер, семинарлар, тренд-сессиялар, сондай-ақ зияткерлік ойындар мен бұқаралық спорттық жарыстар өткізеді."Жас саясаткерлер" мектебі - студент жастардың саяси сауаттылықтарын арттырып, облысымыздың белсенді,…

3
2
666

Орал қаласындағы ірі жастар ұйымдарының бірі «Jas Otan» Жастар қанаты

Мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың жан-жақты дамуына әлеуметтік-экономикалық және басқалай жағдайлар жасау. Бірлестік міндеті – барлық күшті білімді, дені сау, бәсекеге қабілетті, кәсіби біліктілігі жоғары жас адамдарды тәрбиелеу, сондай-ақ өңірдің қоғамдық-мәдени өміріне белсене қатысу.

"Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Жолдасқалиев Нұрғали Қаршығаұлы

3
1
369