ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстанның...
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ҚР Үкіметінің отырысында Қазақстанның кәсіпорындары мен ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Өз сөзінің басында Еңбекминінің басшысы республикада жыл сайын 400-ден астам кәсіптік аурулар жағдайы тіркелетінін атап өтті. Бұл ретте соңғы 3 жылда олардың саны 21%-ға азайды. Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 564 адам зардап шекті, оның ішінде 19,5%-ы (60 адам) тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында, 4,5%-ы (14 адам) коммуналдық шаруашылық ұйымдарында және 10% (31 адам) құрылыс саласында. «Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда (2016-2020 жж.) өндірісте зардап шеккендердің саны 10%-ға (1683 адамнан 1503 адамға дейін) азайды, оның ішінде қаза тапқандар саны 16% - ға (248 адамнан 208 адамға дейін), ал 1000 жұмысшыға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 0,32-ден 0,23-ке дейін төмендеді», – деп хабарлады Серік Шәпкенов. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/216815...
***
Министр труда и социальной защиты населения РК на заседании Правительства РК доложил о проводимой работе по созданию безопасных условий труда на предприятиях и в организациях Казахстана. В начале своего выступления глава МТСЗН отметил, что в нашей республике ежегодно регистрируется более 400 случаев профзаболеваний. При этом за последние 3 года их численность уменьшилась на 21%. По итогам пяти месяцев текущего года в результате несчастных случаев пострадало 564 чел, из них 19,5% (60 чел.) на предприятиях горно-металлургического комплекса, 4,5% (14 чел.) – в организациях коммунального хозяйства и 10% (31 чел.) – в строительной отрасли. «В результате принятых комплексных мер за последние 5 лет (2016-2020 гг.) количество пострадавших на производстве уменьшилось на 10% (с 1683 чел. до 1503 чел.), в том числе количество погибших на 16% (с 248 чел. до 208 чел.), а коэффициент частоты несчастных случаев на 1000 работающих снизился с 0,32 до 0,23», – сообщил Серик Шапкенов. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/216815...
