Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балаларға мейірімді жүректен!

М-С.Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінде өткізілген "Тәуелсіздік ұландары" атты аттестат табыстау рәсімінің екінші кезеңінде жас түлектер үлкен өмірге деген жаңа қадамдарын жақсылық жасаумен бастады. "Балаларға мейірімді жүректен" акциясы аясында бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында оқушылар салтанатты рәсімінен кейін "Ер Төстік" бөбекжайының бүлдіршіндеріне түлектер атынан ойыншықтар тарту етті. Кішкентайларға өз жылы лебіздерін білдіріп, әкелген ойыншықтармен бөлісті. Еліміздің келешегі саналатын осындай жас өрендердің жаңа бастама жасап, өздерінің артынан ерген буынға жақсы үлгі көрсеткендері қуантады. Сәт сапар, Жас түлек!

0
0
220

Осы тақырып бойынша