Мазмұнға өту

Жаңа

Жайық өзенінің ОКССЖ (Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі) су өткізу трактісіне мониторинг жұмыстарын

Ағымдағы жылдың 22-ші маусымында «Nur-Otan» партиясының БҚО бойынша филиалының жанындағы қоғамдық экологиялық Кеңесінің ұсынысы бойынша жұмыс тобы Жайық өзенінің ОКССЖ (Орал-Көшім суару-суландыру жүйесі) су өткізу трактісіне мониторинг жұмыстарын жүргізді.Жұмыс тобы «Nur-Otan» партиясының БҚО бойынша филиалының жанындағы қоғамдық экологиялық Кеңесінің төрағасы Д.С. Сариев пен хатшысы Н.Ғ. Аткешевтен және мүшесі А. Кубеевтен, сонымен қатар БҚО табиғи ресурстар басқармасының жетекшісі М.М Ихсанғали, БҚО бойынша «ҚазСуШар» РМК маманы Ш.Ермағанбетовтен ардагер эколог Т. Машеновтен, Орал қалалық мәслихатының депутаты Ю.В Крыловтан құралды. Сондай-ақ жұмыс барысына белгілі ғалым, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қ. Оңаев жұмылдырылды.Мон…

0
0
496

Аққайнар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің кабинетін қажетті жиһазбен жабдықтап берді.

Қоғамда ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, жалғызбасты қарттарға қамқорлық жасау арқылы аға буынға деген құрмет көрсету, патриотизмді таныту, салт - дәстүрді дәріптеу, бұл "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасының негізі болып табылады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаты Исабаев Дәулетбек Темірбекұлы Аққайнар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің кабинетін қажетті жиһазбен жабдықтап берді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жусанбаев Мәулетхан, кеңес мүшелері, БПҰ төрағасы Құрманов С.А. халық қалаулысына жасаған игі жақсылығы үшін алғысын білдірді.

0
0
167

Катонқарағай ауданның Құрметті азаматы Жәнібек Қызырмен канвассинг форматында кездесу өтті

Катонқарағай ауылының тұрғыны, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Қазыналы Катонқарағай» ансамблінің жетекшісі, Катонқарағай ауданның Құрметті азаматы Жәнібек Қызырмен канвассинг форматында кездесу өткізіп қайттым. Кездесу барысында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жоспарланған істер, және олардың орындалу барысы туралы сұхбат жүргіздім. Өз кезегінде Жәнібек ағамыз Катонқарағай ауылының дамуы, оның болашағы жайлы ойларымен бөлісті. Әңгіме барысында ауыл тұрғындарының көкейіндегі күрмеуі шешілмеген біршама мәселелерді де көтерді, ауылдағы Қазпошта бөлімшесіндегі және ауылдық округ әкімдігінің ғимаратындағы Қазпошта банкоматтарының жиі-жиі бұзылып немесе ақша болмай қалатындығын жеткізді. Сондай-ақ ауылдағы мал дәрігерлік станцияның жабылып, қазіргі күні…

0
0
254

Н.Т.Еркебаев Катонқарағай ауданы тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т.Еркебаев Катонқарағай ауданына барған жұмыс сапары барысында аудандық "Nur Otan " партиясының филиалында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

0
0
200

Ақжайықтық жастар мұқтаж жанның үйін жөндеді

Қала тұрғыны Рая МұқашеваІ топтағы мүгедек көзі көрмейді, бірге тұратын сіңлісі де мүмкіндігі шектеулі жандар қатарында. Биыл жатақхананың бір бөлмесіне қоныстанған апалы-сіңлілердің зейнетақысы несиесінен ауыспайды.

Баспанасын өздігінен жөндей алмай қиналғасын, «Nur Otan» партиясынан көмек сұраған. Қамкөңіл жанның өтінішіне құлақ түрген партиялықтар бірден іске кірісіп «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Ашықова ескірген есік-терезені ауыстыруға демеушілік білдіріп, еденін жаңартты. «Біз Біргеміз!» жастар қозғалысының еріктілері мен «Орал жастар» еріктілері жарларын тегістеп , түсқағаздарын жабыстырып толық жөндеу жұмыстарын жүргізіп берді.

1
0
167

Жастар бастамаларын қолдауға арналған консультациялық көмек берілді

✅Қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен кеңес берудің мақсаты- жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.

⏳Жүйелі жүзеге асқан «Жастарға кеңес» жобасында: 🌳"Жасыл ел" бағдарламасы, Тұрғын үй бағдарламалары, 🙇Волонтерлік кеңес, 👷‍♂️Жұмыспен қамту Теологиялық кеңестер берілді. ⚜Аталмыш іс-шара ел азаматтарын барлық инновациялар туралы толығымен хабардар етуге мүмкіндік береді.

1
0
169

Алматыда кезекті веломаусым басталды

Қашықтығы 7,5 шақырымды құраған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары қатысты. Жарыс әл-Фараби даңғылы бойындағы «Нұрлытау» бизнес орталығынан басталып, Тұңғыш Президент саябағына дейін ұласты.Мәреде вакцина салдырған қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен алты велосипед ойнатылды. Бүгін оның иегері Абылай атанды. «Қаламызда веломаусым ашылды. Бұл өте керемет! Спортпен айналысатын адамдардың иммунитеті мықты болады. Оны бәріміз білеміз. Алдында мен Спутник-5 вакцинасын салдырдым. Енді қай жерге барсамда, жол ашық. Міне, бүгін велошеруге қатысып, осындай велосипед ұтып алдым. Спорттық Алматыға көп рахмет.» -дейді қала тұрғыны Абылай.Айта кетер жайт, осы велошеру Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында өткізілді. Аталмыш бағдарлама мегаполис…

0
0
286