Қайырымдылық — қадірлі іс
Өткен аптада «Jas Otan» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен белсенді жастар жалғызбасты қарттарға, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті. Мәселен, «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның жұмысшы белсенді жастары тыл ардагері Дәріжан Умралинаға қолғабыс жасады. Олар 90 жастағы кейуананың ауласының шөбін жұлып, сенбілік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жас депутаттар Сұлтан Асанов пен Ербол Қасымғалидың қолдауымен екі отбасыға азық-түлік пакеттері жеткізілді. Дәл осындай іс-шара Шалқар, Хромтау аудандарында да ұйымдастырылды. Аудан жастары қайырымдылық марафонына үлес қосты. Шалқарлық жасотандықтар ардагер қарттың ауласына сенбілік жүргізсе, хромтаулық жастар аудандық мәслихаттың жас депутаттарымен бірлесіп, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты.Аталған марафон аясында жыл басы…