Мазмұнға өту

Жаңа

"Дің" туралы

Жалпы, "дің" туралы айтқанда есімізге "Екідің" еске түседі.Екідің – VIII-IХ ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіштері, шамамен ерте темір дәуірінде пайда болған. Қостанай облысы Арқалық қаласы Екідің ауылының солтүстік-шығысына қарай, Қараторғай өзенінің екі жақ жағасында орналасқан. Ол ертедегі екі рәсімдік құрылыс жабайы тастан киіз үй тәріздес салынған.Ескерткішті 1959 жылы Ә.Марғұлан жетекшілік еткен ғылыми экспедиция зерттеген. Академик Әлкей Марғұланның деректеріне сүйенсек, бұл ескерткіш қазақ мәдениетіндегі алғашқы үй құрылысы өнерінің дамуын бейнелейді. Екідің І Қараторғай өзенінің сол жағалауында орналасқан, Екідің ІІ – биігіректе, алыстан жақсы байқалады. Екеуінің арақашықтығы 4 шақырым. Біріншісі (Дің-1) Екідің ауылынан шығар жол жиегінде, өзеннің сол жағында, ал екінші…

0
0
758

Дәуітбай сайы

Торғай қаласынан 18 шақырым қашықтақта Дәуітбай сайы деп аталатын жер бар.Дәуітбай сайына, дұрысы сол жердегі үлкен қорымға бәлен рет барсам да ар жағындағы сайды толық көрмеген екенмін. Кейін оған да жол түскен еді.Аңыз бойынша жаугершілік заманда шапқыншылардан тығылған жұрт осы сайға келіп паналаған екен. Сонда, қатты жаңбыр жауып, сай-саланы су басып, сайдағы талай адам ажал құшыпты. Анық-қанығын білмедім әрине, бірақ естіген құлақта жазық жоқ.Көрінісі керемет екен, біресе тік жар, енді үлкен сайыңыз тіпті шатқалға ұқсап кете ме? Ол жерде кідіріп, суретке түсіріп, одан кейін әйдік қорымға барған едік.Бұл кішкене қырда орналасқан үлкен қорымның менің білуімше кем дегенде үш ғасырлық тарихы бар, бәлкім одан да ұзақ болуы мүмкін. Жалпы, мен мынадай бір ерекшелікті байқадым. Әдетте, қазақ…

0
0
1287

Тосынқұм туралы

Бір жолы Шақшақ Жәнібек адамдарымен қонысқа жер көріп жүргенінде қалмақтарға кездесіп қалып, жерді босатыңдар деген талап қояды. Олар қарсы дау айтады. «Онда берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан алармын»,– дейді Жәнібек. Қалмақ жағы: – Соғысып адам шығындамайық, жекпе-жекке тұрайық. Кімнің батыры жеңсе, жерді соған қалдырайық, – дейді. Бәтуә осы болған соң, күн байласып, жекпе-жек өтетін орынды белгілеп, үш күнге пұрсат алысады.Содан Жәнібек жекпе-жекке Уақтың Жолмырза, Қарамырзаларына ат шаптыртып, Қазы Бармақ батырды қосар атпен алдыртады. Бармақ келіп жеткенде, – Жолсоқты болып келдің ғой, бүгін демал, ертең болсын жекпе-жек, – дейді. Бармақ, – Жоқ, неде болса осы келген бетімде көрейін, хабар бергізе беріңіз, – дейді. Қалмақ жағына жекпе-жекке әзірміз деген хабар жіберіледі. Ол жақтан С…

0
0
594

Баба Түкті Шашты Әзіз

«Қобыланды батыр» жырында батыр жауға аттанғалы тұрғанда анасы былай жалбарынады:Қалғып кетсе, қағып жүр,Адасып кетсе, бағып жүр.Қозыма келген пәлені,Ықылас ата, Шашты Әзіз.Осы кеткен қозымды,Тек тапсырдым қолыңа… («Батырлар жыры», 1-том).Иә, батырлар жырында, жалпы ауыз әдебиетінде Баба Түкті Шашты Әзіз жиі айталады, қайталанады.Ал, бұрынан естіп жүрген аңыздың бірінде Баба Түкті Шашты Әзіздің үш пері қызын көргені айтылады. Ол әлгі үш қыздың біреуінің қолынан ұстайды. Қыз суға сүңгиді, әулие де сүңгиді. Ақырында Баба Түкті Шашты Әзіз соған үйленеді. Қыз үш түрлі шарт қояды: аяқ киімімді шешкенде аяғыма қарама, киімімді шешкенде қолтығыма қарама, шашымды жуғанда, төбеме қарама дейді. Алайда, Баба Түкті Шашты Әзіз әлгі үш шартты бұзады. Оны сезген пері: «Ішімде алты айлық балаң бар! Соны…

0
0
1370

Келіссөздер жүргізу және қақтығыс-менеджмент

Әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалында «Келіссөздер жүргізу және қақтығыс-менеджмент» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырудан өтті. Қақтығысты шешудің тұлғааралық стильдері Төменде қақтығысты жағдайларды шешудің төрт типтік тәсілі келтірілген. 1. Қақтығыстан кету. Қақтығыс жағдайлары мен қақтығыстармен байланысты адамдардан аулақ болыңыз. Бұл стратегия қақтығысты шешуден гөрі алдын-алу оңай деген сенімге негізделген. Егер шешілетін мәселе өте күрделі болса, мұндай тәсіл сөзсіз кешіктіруге мүмкіндік береді және жағдай уақыттың жетіспеушілігімен шиеленіскен кезде шиеленістің өсуіне ықпал етеді. 2. "Өткір бұрыштарды" тегістеу. Ұжымда жағымды қарым-қатынасты сақтауға шамадан тыс а…

0
0
251

Өзгемен емес, өзіңмен жарыс

Мен бірнеше апта бойы осы мақалаға дайындалдым. Адам өмірі және осындай жаһандық және үлкен таңдау туралы жазу оңай емес.Шынында да, іс жүзінде біз мамандықты ғана емес, өмір сүргіміз келетін өмір жолын таңдаймыз.Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз!Бір-екі жыл бұрын менің бұрынғы сыныптасым: «Адамдардың, жұмыс күні тезірек бітсе екен деп армандауы дұрыс емес.Бұл олардың ешкім ешқашан қайтарып бермейтін жеке күні!» деген болатын. Бұл сөздер мені ойға әкелді.Пессимистік болып көрінуі мүмкін... Бірақ шындық мынада, американдық Gallup консалтингтік компаниясының мәліметтері бойынша, әлемдегі жұмыс істейтін халықтың 70% -ы өз істеріне теріс немесе немқұрайлы қарайды. Яғни, көптеген сау, талантты, ерекше адамдар өздерінің күндері (және, шын мәнінде, олардың бүкіл өмірі) тезірек аяқталуын армандайды.С…

0
0
299

Облыстық мәслихат депутаты азаматтарды қабылдады

28 маусым күні облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Мырзахметова Әсел Кажиахметқызы тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға Зашаған кентінің тұрғыны келді. Тұрғынның айтуы бойынша үй маңында кәріс құбырларының бұзылуы салдарынан туындаған жағымсыз иіс маза бермей жүргендігі белгілі болды. Бұл сұрақ бойынша жергілікті атқарушы органдарға өтініш жолданып, ешқандай нақты жауап берілмегенін айтты.Депутаттан бұл мәселені шешуге көмектесуін сұрады. Әсел Кажиахметқызы аталған сұрақ бойынша Зашаған кентінің әкімдігіне депутаттық сауал жолданатындығын айтып, мәселенің бақылауда болатындығын айтты.Келесі болып мүгедек баласын тәрбиелеп отырған ата-ана жолықты. Ата-ананың айтуы бойынша жергілікті дәрігерлердің емдеу шараларын дұрыс қоймағандықтан қыздары 5 жыл бойы еш…

1
0
294

Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы Жарлығына сәйкес шілденің бірінші жексенбісі қазақ халқының киелі де қасиетті музыкалық аспабы Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Елбасының бұл Жарлығы – халқымыздың ұлттық өнерін қадірлеу мақсатында жасалған игілікті іс.Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында бұл мерекені атап өту ұлттық ұстын мен тәрбие, халқымыздың салт-дәстүрін мансұқтауға қосатын үлес.Сол себепті бүгін облыстық филиалдың ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында киелі аспапты дәріптеу арқылы ұлттық мәдениет, өнер туындыларын, Қазақстан халқының рухани құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және тарихқа деген құрметті насихаттай отырып, Қазақстанның әрбір азаматының рухани санасын жаңғыр…

1
0
245

Облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы азаматтарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Камашев Нұрғиса азаматтарды қабылдады. Қабылдауға мемлекеттік балабақшалардың медбикелері келді. Қабылдау барысында көтерілген маңызды сұрақтардың бірі – жалақының аздығы мен кәсіби деңгейге сәйкес келмеуі. Нұрғиса Мәлікұлына облыстың барлық мемлекеттік балабақшаларының медбикелерінен жинақталған өтініштерін көрсетіп, бұл мәселені шешуге көмектесуін сұрады. - 2021 жылдың қаңтар айынан бастап балабақшалардың медбикелерінің жалақысы өседі деген қаулы шықты. Бірақ қазір міне, жарты жыл өтті әлі қозғалыссыз. Қайда бармадық, жауап жоқ. Білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, әкімшілікке те бардық. Күттік. Енді кеше ауызша мекеме бухгалтерлеріне үнемделген қаржыдан көтерсін деп отыр. Олар қаржы жоқ де…

1
0
293

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан» әніне бейнебаян түсірілді

Ән авторлары – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева (музыкасы) мен айтыскер ақын Сырым Әуезхан (сөзі).Ақын сөзі Тәуелсіз елдің тарихын тоқырау жылдарынан осы кезге дейін жігерімен жетектеп жеткізген Елбасының еңбегіне алғыс айтып, мызғымас бірлігіміздің беріктігі жетістіктерге жетелерін айта отырып, тыңдаушыны жақсылықты көре білуге, өткенге көз жүгірте отырып, болашаққа сеніммен қарауға шақырады.Мағыналы тексті ырғағы белсенді, диапазоны кең, көңілді шарықтатар әсерлі музыка толықтырып тұр.Әннің бейнебаянында Азаттықтың алғашқы 30 жылында өндірісте, білім мен ғылымда, спорт пен медицинада, әскери салада жеткен жетістіктерді, шегенделген шекарамыз бен тәуелсіз Қазақ елінің туы тігілген Алматы мен елордасы Нұр-Сұлтанның, Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның даму жолы көрс…

0
0
241