Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы азаматтарды қабылдады

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Камашев Нұрғиса азаматтарды қабылдады. Қабылдауға мемлекеттік балабақшалардың медбикелері келді. Қабылдау барысында көтерілген маңызды сұрақтардың бірі – жалақының аздығы мен кәсіби деңгейге сәйкес келмеуі.

Нұрғиса Мәлікұлына облыстың барлық мемлекеттік балабақшаларының медбикелерінен жинақталған өтініштерін көрсетіп, бұл мәселені шешуге көмектесуін сұрады.

- 2021 жылдың қаңтар айынан бастап балабақшалардың медбикелерінің жалақысы өседі деген қаулы шықты. Бірақ қазір міне, жарты жыл өтті әлі қозғалыссыз. Қайда бармадық, жауап жоқ. Білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, әкімшілікке те бардық. Күттік. Енді кеше ауызша мекеме бухгалтерлеріне үнемделген қаржыдан көтерсін деп отыр. Олар қаржы жоқ дейді. Сонда біздің мәселемізді кім шешеді? Ресми қаулы болса неге ол орындалмайды? Біз бес жыл сайын өз есебімізден кәсіби деңгейімізді көтереміз. Мен 30 жыл тәжірибем бар, 1-ші санаттағы медбике, 1 ставкада 73000 тг қолға аламын. Ал жас маман қасымдағы 53000 теңге алады. Бұл ақша кімге жетеді?, – деді қабылдауға келушілер.

Қабылдауға келген тұрғындардың өтінішін тыңдап, бұл сұрақ бойынша тиісті органдарға хат жолданатынын айтты. Сонымен қатар, аталмыш мәселе партиялық бақылау комиссиясының тікелей қадағалауында болатынын атап өтті.

Nur Otan Бауыржан Байбек

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

1
0
247

Осы тақырып бойынша