«Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысы өткізілді
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысы өткізілді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі М.Мұқаев фракция мүшелеріне фракцияның ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы баяндады.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының 2021 жылғы 14 қаңтардағы жиналысында барлық әлеуметтік топтармен кері байланысты нығайту, халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізу, қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды қабылдау жүргізу, мемлекеттік органдардың есептілігін бақылау туралы міндеттер қойылған болатын.Осы міндеттерді орындау мақсатында 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша халық арасында Батыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! Сай…