Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Депутаттық фракция отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттаңы партия фракциясының басшысы Мирхат Ибраевтың төрағалығымен депутаттық фракцияның кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев және фракция мүшелері қатысты. Күн тəртібіне енгізілген мәселеге қатысты фракция басшысы М.Ибраев 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына атқарған жұмысы туралы есеп тындалды. Депутаттық фракция мүшелері сайлаушылардың аманаттарын орындау, олардың мұң-мұқтаждарын шешу бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Осы мақсатта олар бекітілген кестеге сай қоғамдық қабылдаулар өткізіп, тұрғындармен тығыз қарым-қатынастар жасауда. Фракция мүшелері өз өкілеттіктер шегінде мүдделі мекеме-ұйымдармен бірлесе отырып тұрғындар тарапынан қойылған мәселелердің оң шешілеуіне барынша атсалысуда. Жиынды қорытындылаған фракция басшысы осы бағыттағы жұмыстарды атқару үшін депутаттар тиісті атқарушы органдармен тығыз байланыста болуы керек деді.

0
0
219

Осы тақырып бойынша

Депутаттық фракция отырысы өтті - Yvision.kz