Фракция отырысы өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қазталов аудандық филиалының кіші мәжіліс залында онлайн форматында фракция отыры өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.М.Бекмулдин қатысты.
Күн тәртібінде Казталов аудандық мәслихатының «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының 2021 жылғы I жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы «Nur Otan» партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.М.Бекмулдиннің баяндамасы тыңдалды.
Бүгінде Казталов аудандық партия филиалы бойынша 101 партия топтары жұмыс жасайтын 1648 мүшесін біріктіріп отырған 16 бастауыш партия ұйымдары бар.2021 жылы партия қатарына 38 адам қабылданды. Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасына енгізілген әр шараның іске асырылуына жауапты мекеме , ұйым бекітіліп, орындалу мерзімдері белгіленген. Қазіргі кезде Жол картасындағы бірқатар шараларды іске асыру бойынша жұмыстар басталып, атқарылуда. Мәселен, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында биылғы жылы Талдықұдық және Қоныс елді мекендеріне ауыз су құбырын салу жұмыстары атқарылуда. Қошанкөл ауылы бағытындағы жолдың 15 шақырымын жөндеу жұмыстары басталуда. Казталов ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл жұмыстардың мерзімінде әрі сапалы орындалуын фракция депутаттары үнемі бақылауда ұстап отырады. Депутаттық фракция алда тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды жүргізе бермек.
«Nur Otan» партиясы Қазталов аудандық филиалы ақпараты
