Ант пен серттердің құны жоқ әлем
«Бойцовский клубтың» әкесі Чак Паланик - Американың танымал жазушысы, журналист. Радио мен баспасөзде жүріп, жай ғана жұмыстан көбірек жасаймын деген мақсатпен әлеуметтік қызметке араласады (емделмейтін аурулары бар науқастар мен мүсәпірлерге көмек).
Оның алғаш романы «Көрінбейтін құбыжықтар» («Invisible Monsters») баспада қабылданбағаннан кейін ашулы автор "Бойцовский клубты" жазып, оның экранизациялануынан соң әлемге танылады.
Шығармаларының кейбір цитаталары:
- Шынын айтсам, қайда болмасаң да, қажет жерде емессің.
- Мәңгілікке ұмытқың келетін нәрсеңді ешқашан да ұмыта алмайсың.
- Біз бәрі де нашар болып тұрғанды жақсы көреміз. Бірақ ешқашан оны мойындамаймыз.
- Әркімнің өз жеке комасы бар.
- Өзіңе түсініксіз нәрсені өз қалауынша түсің.
- Егер де біз әлденені түсіне алмасақ, ол бізді жындандырады. Егер де түсіне не түсіндіре алмасақ, оны жоққа шығарамыз.
- Жараны ұмыту қиын, бірақ қуанышты еске түсіру одан да қиын. Бақыт есімізде жара қалдырмайды. Бір қалыптылықтың бізге үйретері аз...
- Ант пен серттердің құны жоқ әлемде, берілген уәдені тек бұзу үшін уәделесу әлемінде, сөзге бұрынғы пәрменділікті дарыту тамаша болушы еді.
- Адамдар, өздері айтпақшы, телефонды бір-біріне жақын болмас үшін пайдаланады, бірақ жалғыз қалудан қорқады.
- Мені ұмыта аласың, бірақ менің бар болуымды жоққа шығара алмайсың.
- Біз өз-өзімізді жұбата алмаймыз.
- Ешкім де басқаларға шын мәнісінде кім екенін көрсетпейді.
- Өз проблемаларың жайында айналадағыларға айтпасаң, олардың проблемаларына мән беруден қашасың деген сөз.
Паланиктің библиографиясы
- «Көрінбейтін құбыжықтар» (Invisible Monsters, 1994), 1999 ж. жарияланды
- «Insomnia: If You Lived Here, You'd Be Home Already» (алғашқылары; 1990 ж., жарияланбаған)
- «Бойцовский клуб» (Fight Club, 1996; 1999 ж. экранизацияланған)
- «Аман қалған» (Survivor, 1999 ж., Ресейде алғаш рет 2005 жылы басылды)
- «Тұншығу» (Choke, 2001, 2008 ж. экранизацияланған)
- «Бесік жыры» (Lullaby, 2002)
- «Қашқындар мен мүсәпірлер» (Fugitives and Refugees: A Walk in Portland, Oregon 2003)
- «Stranger Than Fiction» (2004)
- «Күнделік» (Diary, 2005)
- «Елестер» (Haunted, 2005)
- «Рэнт: Бастер Кейсидің биографиясы» (Rant, 2007)
- «Снафф» (Snuff, 2009)
- «Пигми» (Pygmy, 2009)
- «Бәрін айт» (Tell All, 2010-ға жоспарланған) Ақпарат көзі
