Мазмұнға өту

Жаңа

Өмірдегі ең қорқынышты не?

... Даңқ өз аяғымен келді. Өзімшіл, сұлу әйелдей өзінен басқаны ұмыттыруды, өзінен басқа ешкімді сүймеуді талап етті... Төлен Әбдіков, „Тозақ оттары жымыңдайды„ Аяймын... Қатты аядым. Өзімді орнына қойып қарап едім, төзе алмайды екем. Өзімшіл екен деп ойлап едім, олай емес екен. „Адамның„ қаншалықты қорқынышты екенін біле тұра, қорлықтың барлығын адамнан көре тұрып, адамға көмек көрсету, өмірін құтқару... Адамзатқа тигізген еңбегі орасан зор болғанымен, тұтас бір тайпаның атын шығаруға батылы бармады. Тіпті тайпаның соңғы адамы ретінде өзін санамады да. Қорқақ қояндай тасада тығылды. Сырын ешкімге ақтарғысы келмеді. Жан жарасын түсінер оның досы да болмады. Жалғыздықпен ғана дос болды. Кейіпкердің жан азабы оның рухани мүгедектенуіне ұласты. Барлық дене мүшелері сау болса да, мүгедек болы…

0
1
1053

"Қағаз кітап ешқашан да өлмейді"

Интернет әлеміне көшіп келген жарнама, кітапханалар мен газет, радио, телевидениеның қатарында дүкендер де бар. Электрондық сауда-саттық Қазақстан интернетіне де жат емес - онлайн дүкендер соңғы екі жылдың ішінде бұл нарықта жақсы көрсеткіштерге жете білді. Бүгінде қазақстандық интернетте сауда-саттықты табысты әрі сапалы өткізіп жүргендердің ішінен Қарағанды қаласында пайда болған «Флип.кз» электронды дүкенін атап өтуге болады. «Флип.кз» интернет-дүкенінің маркетологы Анастасия Сон қазақстандық онлайн-коммерцияның жай-күйі мен осы саладағы өз тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше сұрақтарымызға жауап берген болатын. - «Флип.КЗ» электрондық дүкені жайында айтып берсеңіз, қалай, қашан пайда болды? - Қазақстандықтар үшін ыңғайлы төлем және жеткізуді қамтамасыз ететін интернет-дүкенді жасау идеясы…

-6
4
6312

Қазақстандық кітаптар кімге қажет?

«Қазақстандық кітаптарды сату тиімсіз», – деп хабарлайды Қазақстан қаржылық порталы www.profinance.kz. Осы пікірді Мемлекеттік Кітап палатасының директоры Жанат Сейдуманов білдірген болатын. Оның сөзіне қарағанда, еліміздің кітап дүкендерінің 90-95% өнімі – ресейлік. Ал Кедендік ұжым пайда болса, қазақстандық кітаптар дүкен сөрелерінен мүлдем жоғалып кетуі мүмкін, деп болжамдайды сарапшы. Маманның айтуынша, 2009 жылы қазақстандық кітаптардың шығарылу көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 20% төмендеді. “2009 жылы 2008 жылдық кітап өнім көлемінің 78,4% шығарылды. Сонымен қатар, Ж.Сейдумановтың мәлімдеуінше, қазақ тілінде шыққан кітаптар саны көбейді, олардың 54% мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шыққан екен. Баспа үйлердің барлығы дерлік қазіргі таңда мемлекеттік тапсырыстар арқасында күн көруде,…

-6
4
4242

Мұны қалай ғана, қалай ғана қолдамайын?!

Бүгін Елбасымыз үкімет мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында, үлкен ұлттық корпорацияларда отандық мамандардың жоқтығын, топ-менеджментте бір де бір ұлттық өкіл жоқ екенін айтып, бұл мәселені премьер-министр Кәрім Мәсімовке шегелеп айтты. Және де Ербол деген біреуге: "Үнемі бұлбұлдай сайрайтын кадр саясатың қайда сенің?" деп, кейіді. Анау жоқ жұмысты қайдан ғана көрсетсін: өлі кісідей өңі қуарып, отыра берді.

Шыныда да, өз мамандарымызды тәрбиелейтін уақыт алдыңғы жылы таңертең жеткен сияқты. Кім біліпті, бір күні қазақтың қарадомалағы "Аджипті", "Тотальфина Эльфті", "Шлюмбержені", "Шевронды" басқаратын уақыт та келер? Жабылып ел, ауыл, аула, жалпы - кез-келен муниципиалдық бірлік болып, осы бастаманы қолдасақ екен.

0
0
477

Ұлттық болымсыздық немесе ұлтшылдар блогы

ал бастайық иә бисмиллә рақман рақым! ал кеттік

негізі орыс ұлтының ұлтшылдығы туралы жазғым келіп отыр. Шыдамым таусылды осы неге қазақша жазсан минус қойып жібереді? Осыны түсінбеймін мен, әй оқымаса да жетіп жатыр ғой? Әлде бір жерлеріне кіріп отыр ма? Неге орыстар сондай ұлтшыл а? Неге бізге тағы бәле жабады тіл бостандығы деп? Неге мен осыған жол беруым керек? Неге мен басымды иуім керек?  Неге біз осыны жәйсіз қалдыруымыз керек? Осыған жауап беріндерші қазақ ағайындар, негізі мен қарсы немесе ұлттық мәселені көтеріп тұрған жоқпын тек осы сурақтарға кім жауап жазады? Адамның шыдамы таусылады ғой бір күні осылай істей берсе, кейін өздері жүгіріп келіп жылайтын болады...көздерінен қан шығады

Сәрсекбай Алдоңғаровқа - 75 жыл!

Иә, "бұл соншама кім еді?" деп тіксінетін боларсыз? Әрине, Тадеуш Костюшко мен Реджеп II білетін қазағымның жадында, өз арыстарына деген орын табылмай жатады ғой. Ендеше, Сәрсекбай Алдоңғаров ағамыз - сонау совет заманында аттай 20 жыл бойы "Қызыл Пролетар" совхозын басқарған емендей тұлға. Ол басшылық еткен жылдары, совхоз еңбек биігінен естіле білді. Көрінбеген себебі - олар туралы газетке жазғаннан гөрі - радиодан көп айтатын. Сәрсекбай ағамыз сол жылдары совхоз басшылығына тағайындалғанда, жиылған жұрт оның қарыс маңдайына қарап, көп үміт күткен еді. Үміттері көп ұзамай ақталды да. Мысалы, сол жылдары "Қызыл Пролетар" совхозының кеңсесінде еден жуушы болған Қанипа шешей былай дейді: "75 сом алушы едім. Сәрсекбай аға келген кезде, 79 теңгеге дейін алатын болдым". Осыдан-ақ, арда азамат…

0
4
536

Мен елімді сүйемін!

Бұл - хақиқи шындық. Әр адам өз елін сүю керек деген сөздерімнің астарынан қандайма кекесін іздеп отырған адамдардың жүректерінде еліне деген махаббат секілді ғаделет сезім жоқ екені құдайы шындық болуы әбден мүмкін. Бойыңызда ғаделет сезім болмаса, оған махаббат секілді жанды да тәнді де ләззатқа бөлер, сол арқылы бүкіл әлемдегі тірлікті бір ғанибетке толтырар ғазиз назым қайтып тұрақтамақ?! Қалайша, өзіңізді қатырма қағаздың құзыретімен емес, жүректің әмірімен Қазақстан Республикасының азаматымын деп айта аласыз?! Ойланайық, бауырлар! Елімізді сүю керек! 

0
3
3757

Премьер-министрге құдайым денсаулық берсін!

Бүгін қазағымның маңдайына біткен жарық жұлдыздардың бірі - Кәрім Мәсімов селекторлы мәжіліс өткізді. Қазағыма қиын заманда осынау Қабанбайдай келбетті, Наурызбайдай айбынды азаматты көріп, Абылай аңсаған ердің ері осы болар деп, қуаныштан ұзақ жыладым. Білім министріне түксие бір қарағанда, кіретін тесік болса, неге кіріп кетпейсің деп кейідім Түймебаевқа. Осындай арда азамат тұрған мен Қазақстанның жарқын болашағына қам жемеймін! Денсаулық тілейікші оған жабылып, жарандар!

Жұмыстық жағдайлар

иә бастайтын сөздердін жоқ болғынана қарашы әрине осы блогқа жазғалы бері түрлі түрлі адамдар кездерістіресін, біреулері ұлтшыл қазақша сөйлессен минус қойып жібереді, болмаса "по руске отвишай" деп те айтады, жарайды әнгіме онда емес тек бір айтарым орыс қауымына "минус" қоюдын қажеті не? сіздердін әнгімелеріне біз кіріспейміз ғой... Басты әнгіме онда емес, не дерімді де айта алмай отырғыным күңіл күй жаман, өзім шаршап жұмыстан кейн келіп отырмын, түрлі айқай естисін әрине жұмыс қой ондай болып тұрады, бірақ күнде болатын болса темірден жасалған темірланда оған шыдамайды, жүйке жүйе қалпына келмейді деген бар.О Аллаһ не деген заман а, адам адамға қасқыр бір біріне жала жауып, бір бірін мадақтап ал артынша түрлі ғайбат айтып, бетіне кір келтіріп өтуде. Олар өйткені одан ләззәт алады ғой.…

0
5
711

қызықты сабақ

Бүгін баспа дизайн мен веб дизайн сабағы болды.Алғаш рет осы сабаққа қатысып отырмыз.Сабақты Асхат ағай жүргізді.Сабақты барынша қызықты өткізуге тырысты.Сол арқылы  өзімізге көптеген қажетті мәліметтер алдық. Алғашында баспа беттеріндегі дизайнды талқыға салу арқылы, оның өзгеріске енетін, өзгеріссіз қалатын тұстарын көрсетіп өттік.Одан кейінгі  кезекте  технологияның ең бір дамыған түрі ғаламтордағы мәліметтерді қалай алу, өз блогынды ашып қажетті ақпараттарды орналастырудың қыр-сырын меңгердік. Жаңа медиа мен дәстүрлі медианың айырмашылықтарын,олардың пайдалы әрі тиімді тұстарын жан-жақты қарастырып,салыстыру арқылы түсініктеме беріп өтті.Онымен қоса,ғаламтордағы беттердің безендірілуі,орналастыруы айтылды.Бұл болашақ журналалистика саласындағы әрбір адамға өте қаже…

0
7
2228