Мазмұнға өту
Ali-musa

Мәлік Әбдіжаппарұлы

@Ali-musa

Сайтта 2009 ж. 30 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

10

пікірлер

5

тіркелуші

6

жазылу

1

Европаның қақ төрінде Қазақстанның бақ жұлдызы жарқырай жанатын сәт те туды

Қашанда «Жақсы сөз – жарым ырыс». Еліміз, «Елім!» деген ерлеріміз, міне, ауыздығымен алысқан арғымақ ой-сана, тау бұзардай ересен ерік-жігер, табаны тайқымастай таудай талап пен қырандай қайтпас қайсар мінез, сындарлы саясат пен ақыл-ой парасатын танытып, «қас пен көздің арасында» жалпақ әлемді өзіне жалт қаратты. Сана саңылауында: тектілік тұлпары, бабадан жол тартатын сұңғыла ақылмандық пен батырлық дәстүр деген осы емес пе екен дегендей ой ұшқыны қылаң береді. Арғы түп-тұқиян тарих тылсымы қойнауына бір сәтке ғана тереңнен ой бойлатсақ,Түркі қағанаты, Қазақ мемлекеттігі, Алашорда атаулары даңғайыр даланың, Көк Тәңірге сиынған Ұлы Даланың сан ғасырлар бойы уыстан неге шығып кетпей тұрғанын аңғартар еді. Ол тарихты тарихшыларымыз қопара көтерсе, қазіргі Қазақстанның барлық аймақтарында з…

0
0
774

ХХ-шы ғасырдың Гомеріатанған Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 150 жылдығын атап өту Астанадан бастау алды Гомер деген кім осы?

Ол – күллі жаһанға жауһар жырларымен даңқы жайылған адам.  Ол – бір ғана Гомер есімімен өзінің ұлтын жер бетінде қыбырлап жүрген барша адамзаттың рухани көшбасшысы ретінде танытқан және соны күллі адам баласының санасына мәңгіге сіңіріп кеткен адам. Жаһанның әдебиет оқулығы Гомер есімімен басталды. Гомерді білмейтін адам – адамзат жасаған рухани байлықтан мақұрым қалған адам болып есептеледі. Ал сондай дәрежедегі ұлылардың ұлысы болып есептелетін Гомерге теңеп отырған біздің Мұрын жырау бабамыз ше? Оның есімін ұлттық әдебиетіміздің айналасында жүрген аз ғана шоғыр және Маңғыстау, Атырау өңірінің адамдарынан басқа жан білмейді, білгендері көп жыршының бірі деп қана қарайды. Бұдан асқан бейқамдық болар ма? Небір данышпандық пен ұлылық та біздің қазақтан шығады, адам айтса сенгісіз салғ…

0
0
6984

Аллаһтың есім-сипаттарында “туралықтан ауытқу” және оның түрлері

мметіміздің әуелгі буыны мен оларға көркем түрде еруші мұсылмандар Аллаһты тек Құран мен хадисте келген есімдермен атап, есім-сипаттардың ешбірін жоққа шығармай, ешкімге ұқсатпай, мағынасы мен сөзін бұрмаламай, «қалай?», «неге?» деген сұрақ қоймай, келген күйінде иман келтіреді. Осы ең дұрыс сенім. Бұған ертеде өткен ұлы имамдардың сөзі дәлел. Уәкиғ Аллаһтың сипаттары мен есімдері келген хадистерді нұсқап: «Бұл хадистер қалай келген болса, солай қабылдаймыз әрі «Бұл қалай?», «Неге мұндай?» деп сұрамаймыз»,-деген. (Сенімді хабар). Имам Шафиғиден Аллаһтың есім-сипаттары жайында сұрағанда ол: «Аллаһтың қасиетті Құран мен пайғамбар хадистерінде баян етілген есім-сипаттары бар. Аллаһ пенделерінің ешбірі дәлел келген болса мұны кері қайтаруға құқығы жоқ, себебі бұл есім-сипаттар Құран мен Аллаһ…

Бірінші хадис: Амалдар ниетке байланысты

Мүминдердің әмірі Әбу Хафс Омар ибн Хаттаб (р.а) Аллаһ елшісінің (с.а.с): “Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударатын болса, онда ол Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударған болып табылады. Ал кім қол жеткізетін дүние немесе үйленетін әйел үшін қоныс аударса, онда ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)”,-дегенін естідім”,-деп риуаят етеді. Бұл хадисті хадисші ғалымдардың имамдары Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Исмайл ибн Ибраһим ибн Муғира ибн Бардизбаһ әл-Бұхари және Әбул-Хусайн Муслим ибн Хажжаж ибн Муслим әл-Қушайри ән-Найсабури хадис кітаптарының ең сенімділері саналған “Сахихтарында” келтірген. Хадис түсіндірмесі: Алдымен, хадисті келтіруші жан-Омар ибн Хаттаб, әділетті…

0
0
10459

Діни наным және дін таңдау бостандығы жөнінде

Діни наным және дін таңдау бостандығы жөнінде Республикамыз егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің конфессиялық кеңістігі едәуір кеңейіп, түрленді. Осыған орай, халықтың діни нанымының деңгейі өсіп, діни бірлестіктердің саны төрт еседен астам көбейді. Қазақстан Республикасы әрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылады, азаматтар діни сеніміне қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді. Елімізде 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң адам құқықтары туралы халықаралық актiлер мен ке…

0
6
4280

Ұлттық сананы отарсыздандырып, жанFырту үшiн не iстеу керек?

Журналистік жолда өмірде көп адамман ұшырысасың, әңгімелесесің. Ой қарымы мықты, сөз саптасы ұғынықты жандардың өзекті пікір желісі, әрине, өзіне назар аудартады. Осы орайда ұлттық болмыс пен жаһанданудың үйлесімділігі жайында ауыл шаруашылығы саласы мамандарының ой-пікірін білу үшін еліміздегі урбанизация үрдісіне 25 жыл атсалысқан инженер, экономист БОЛАТ НӘУКЕНҰЛЫН әңгімеге тартқан едік. «Ат тұяғы жеткен жер бекер қалмасын» Бабалар өсиеті. «Урбанизация» сөзінің кең мағынасы – жалпы қоғамның дамуындағы қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін-тұрмыс жағдайын барша елді-мекендерге енгізу арқылы Ел ресурстарын тиімді пайдалану үрдісі, ал тар мағынасы – ол тек үлкен қалалардың одан ары кеңейуі әсерінен, тұрғындардың үлес салмағының өсуі қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен сәйкес келм…

1
3
1425