Мазмұнға өту

Жаңа

Өздігіңмен билікке ұмтылма...

Абдуррахман ибн Сәмура (р.а.): «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) маған: “Әй Абдуллаһ ибн Сәмура! Өздігіңмен билікке ұмтылма. Егер саған билік сұрамай-ақ берілсе, сол істе Аллаһтың қолдауын табасың. Ал, егер оны өзің сұрап алсаң, мойныңа артылады (яғни, Аллаһтың қолдауынсыз жалғыз қаласың). Сондай-ақ, егер қандай да бір іске қатысты ант ішіп, кейін одан да қайырлысын көрсең, қайырлысын істеп, ішкен антың үшін өтем төле (яғни, ант еткем екен деп, қайырлырақ болған істі тастап қойма)” – деп өсиет айтты» – деген.

(Риязус-салихин кітабынан)

0
0
406

XXV Бүкіләлемдік қысқы универсиададан жаңалықтар Эрзурум қаласы (Түркия)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІІГІ БАСПАСӨЗ-ҚЫЗМЕТІ 010000, Астана қ, 35 к-сі, дом №8, 11 кіреберіс тел: (7172)  74-23-81 www.edu.gov.kz_____________________________________________________ XXV Бүкіләлемдік қысқы универсиададан жаңалықтар Эрзурум қаласы (Түркия) Еліміздің жас спортшылары VII Қысқы Азия ойындарымен қатар келген XXV Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға қатысып, сынға түсуде. Бұл жарыстарда да біздің спортшылар барын салып, оңды нәтижелер көрсетуде. Атап айтар болсақ, 2011 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша медаль иегерлері: Фристайлдан: алтын медаль – Рыбакова Дарья қола медаль – Моисеев Денис 10 км шаңғы жарысынан: қола медаль – Матвиенко Геннадий Қазақстан жас спортшыларының XXV Бүкіләлемдік қысқы универсиададан алдағы уақытта жүлделі орындарға ие болуы…

0
0
548

Қазақ қыздары жапондарды жеңді

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында финалға бергісіз кездесу аяқталды. Қыздар арасындағы шайбалы хоккейден Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Қазақстан құрамасы сары құрлықтағы басты қарсыластары Жапонияны жеңіп, жанкүйерлерін бір желпінтіп тастады. Алғашқы екі кезеңде бір-бірден қақпасына шайба дарытқан Алексей Мальцев шәкірттері үшінші кезеңде де жарытып ес жия алған жоқ. Тек ойын аяқталар тұста Лариса Свиридова есепті бір шайбаға дейін қысқартқан болатын. Тартыстың көкесі осыдан соң басталды! Онсыз да ұтылып жатқан айдын иелерінің бір ойыншысын төреші екі минутқа айыптағаннан кейін, жеңіс жапондарда кетті деп күрсіне бастадық. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалған болатын. Алайда, алдыңғы екі матчта 5 гол соққан сұрмерген қыз Зарина Тоқтиева жапондардың бір адамға артық екенін…

0
1
681

Қазақстандықтарға жат мереке

Осы мәселе қанша рет айтылып, жазылып келе жатса да, әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Бұл мерекені колледждерде, мектептерде, университетте тойлау дәстүрге айналғаны рас.   Сонымен қатар оқушыларға ақыл айтып, жөн сілтейтін ұстаздарымызда өкінішке орай бұл мерекені атап өтуде. Бұның несі жақсы дейсіз? Ал енді «Әулие Валентин» күнінің тарихына көз жүгіртсек, б.з.д. 269 жылы 14 ақпанда бұрынғы римдіктердің Гелосий Луперкалий күні «Әулие Валентин» күні болып өзгертілді. Валентин – орта ғасырда Дания елінде өмір сүрген әулие адам болған. Ол жастар арасында өзінің ағартушылық жұмысын насихаттады. Жастарды еш құпиясыз некелестіріп, олардың туыстарының қарсыласуына қарамастан ғашықтардың басын қосудан бас тартпаған. Осындай іс-әрекеттері сол кездегі император Клавдий ІІ-нің заңдылық…

0
1
612

Қазақ қалай жалқау атанды?

Тәубе, тәуелсіздік алдық. Жалқаулықтан құтылып, жайлы тірлік кешетін орай келді. Осы ретте, мемлекет құрушысы қазақ ұлтының өкілдері дарынымен, іскерлік-икемділігімен танылуы керек еді. Жағдай басқаша болып тұр. Қала мен далада жұмыссыз қазақ жетерлік. Әрине, байлыққа белшесінен батып жүргендер жоқ дей алмаймыз. Ақпарат көздеріне сүйенсек, әлемдегі байлардың қатарын толықтырған қазақстандықтардың саны да жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны шындық. Ал, қазақ неге жұмыссыз? Осы сауал төңірегінде талай білікті жандармен пікір бөлістім. Олардың айтқан уәждерін тізіп берудің қажеті жоқ шығар, бәрі «қазақ жалқау, сондықтан жұмыссыз» дегеннен арыға бармайды. Қазақ жалқау ма? Мен бұл пікірге келіспеймін. Басқасын айтпағанның өзінде қазақтың қолынан іс келмейтін болса, Римді жаулап, кешегі Тәж-Ма…

0
2
3158

Азиаданың алғашқы алтыны

Қазақстан құрамасы алғашқы екі алтынға қол жеткізді!!! Шаңғымен спорттық бағдарлаудан ерлер және қыздар арасындағы алғашқы сайыста қазақстандық спортшылар салтанат құрып, ел әнұраны екі рет шырқалды!

Қыздар арасында Ольга Новикова Азиаданың алғашқы алтын жүлдегері атанды. 25 жасар Шахтинскіде туылған қыз қытайлық Лю Сяотиньді екінші орынға қалдырды. Қола жүлде тағы бр қазақтандық Евгения Кузьминаның еншісінде.

Ерлер арасында Михаил Сорокин бірінші, Александр Бабенко екінші болып мәре сызығын кесті. Ал, қола жүлдегер - Моңғолиялық Баяраа Герельт Од.

"Маса-ақпарат"

0
2
571

Ақ Азиада басталды!!

Алаш жұрты асыға күткен Ақ Азиада басталды! Кеше Қазақстан тарихындағы тұңғыш ірі дода қысқы ойындардың тұсауы кесіліп, «Астана Арена» стадионына жиналған отыз мың жан мен көк жәшіктің арғы бетіндегі миллиондаған  жанкүйер  Азия ойындарының ашылу салтанатына куә болды. «Астана Аренадан» ашылу салтанатын тамашалауға келген азаматтарды Азиаданың атрибуттары толтырылған қоржын күтіп тұрды. Қоржынның ішіндегі ақ жамылғылар мен мойыншалғыларды тағу арқылы әрбір қазақстандық салтанатты шараға өз үлесін қосты деуге негіз бар. Сағат 19:45-те басталған тарихи сәт ел жадынан жақын күндері өшпейді деп уәде береміз. Себебі, мұндай ірі шоу Қазақстанда бұрын-соңды болған емес. Игорь Крутой басшылық еткен ашылу салтанатында 700-ге жуық  адам өнер көрсетіп, 40 камера аталмыш мерекені нысан…

0
0
605

Менің сүйікті қазақ тілді әндерім

Сол көргенімнен нақты қанша жыл өткені есімде жоқ. Әйтеуір, СОК-тың(Спортивно оздоровительный комплекс) қасында құрбыммен қыдырып жүрген болатынмын. Алдымыздан ұлты орыс жұп қол ұстасып озып кетті. Ал жігіттің ұялы телефонынан бір таныс әнді естігендей болдым. Құрбым маған жалт қарап, бұл "Бәйтерек" тобының "Сен" атты әні емес пе деп сұрады. Сонда менің тұла бойымды бір түрлі жылы сезім жаулап алғандай болды. Махаббат тақырыбына арналған өлеңдердің қай тілде айтылып жатқаны соншалықты маңызды ма? Мен өз көзіммен көрген мысалға қарап, жоқ деп жауап берер едім. Алайда, бұл жазбамның басты тақырыбы ол жайында емес. Мен сіздердің көңіліңізді қазіргі қазақ тілді әндерге бұрмақпын. Нақтырақ айтқанда, өзім ұнататын және қаншама уақыт өтсе де "плей-листтен" өшірмейтін өлеңдер тізімімен таныстырғы…

Bismillah Алланың атымен #asiada

Азия олимпияда кеңесінің басшысы Қазақстанда ресми құттықтауын Алланың атымен бастады. Аллаға тәуекел. Қазақстан бірінші орын алады деп тілек білдіреміз.

http://twitter.com/#!/Aziada2011/status/31735901201637376

http://twitter.com/#!/Aziada2011/status/31734296452530176

0
0
911