Тойдың болғанынан боладысы қызық!
Алдында айтып кеткенімдей, ҚазҰУ университетінің Журналистика факультетінің "Қоғаммен байланыс және жарнама" кафедрасының 10 жылдығына орай осы факультеттің 105 топ студенттері концерт ұйымдастырдық.
Қазақ елі айтқандай "тойдың болғанынан боладысы қызық" болды.
Біріншіден, концертке "шынайы" дайындық соңғы 3 күн ішінде болды. Екіншіден, 25 адамнан тұратын топта концертке 5-6 адам ғана дайындалды. Үшіншіден, концерт болатын залда алғашқы дайындық дәл концерт басталғанда болды.
Концерт сценарийі, номерлер қайталанбас қызық болды. Әсіресе, өзіме ұнағаны жүргізушілердің концертті басқарғаны.
Концерт керемет деңгейде болды деп айта алмаймын. Дегенмен, топтың ішінде ұйымшылдық, сыйласымдылық және ауызбіршілік бар екенін көрсете алдық деген ойдамын.
