Әлемді жаратқан, Алла, Әкемді жаратқан, Алла, Адамды жаратқан, Алла, Анамды жаратқан, Алла, Саған мадақ болсын, мадақ! Ей, Аллаһ! Сен жатырға салған жалғыз дән, Қара жер бетінде қоғадай қаулаған. Аз ғана ғұмыры ақшаға сатылып, асқазан алдаған, Қосаяқ құлыңның қылығы Әлгі… қара шыбындардан аумаған. Көзімнен көгілдір жапырақ бүрлетіп, Жыладым… Жалаңаш көшелер жанымды кірлетіп, Қара жер үстінде күп-күрең тіршілік, Адамзат адасып барады Барады тағы да Екі аяқ үстіне жемтігін сүйретіп. Бөксе мен бөтелке түбінде Жыныққан дүбірге, Шырмалып бұл пәни Көшсе де көрпелік ілімге Табиғат сөйлейді, жап-жасыл, тұп-тұнық Құдайдың тілінде. Сол тілді түйсінер жүректі шаң басып, Неге мен құлаттым еңсемді? Тағдырым тамшының өлшемі, Жоқ едім, бар етіп, Құрсақта жүздіріп, құрлықта тұрғызған, Раббым, Сол үшін сү…