Мазмұнға өту

Жаңа

ІСКЕ СӘТ! "Астана" халықаралық экшн-фильмдер фестивалі

Әлемге әйгілі продюсер және режиссер Тимур Бекмамбетов биылғы Астана күніне орай қазақстандықтарға тағы бір киномерекені сыйлады. Фестиваль барысында астаналық көрермен жиырмадан аса дүниежүзілік фильммен танысты.

0
0
242

ІСКЕ СӘТ! Тойды сәнді өткізу сырлары

Жазды екі жастың отау құрып, олардың үйлену тойы өтетін негізгі маусым деуге болады. Бүгінгі қалыңдық киімі грек қыздарының талғамынан басталған. Қазіргі кезде көп жағдайда ақ түсті болып келетін қалыңдықтың той киімі Еуропада 16-17 ғасырларда көгілдір және ашық-қызыл түстер сәнді болған екен. Жастар заман ағымына сай сан алуан сән үлгілерін пайдаланады. Қазақ жастары арасында көйлек таңдауда қандай бағыттар ең үлкен сұранысқа ие? Тойға қатысты сән әлемінде болып жатқан жаңалықтар жайлы келесі сюжеттен біле аласыз.

0
0
290

ТУҒАН ӨЛКЕ. Досхан Жолжақсынов

Танымал театр және кино актеры, жуырда экранда Біржан сал рөлін сомдаған талантты ағамыз Досхан Жолжақсыновпен бірге оның туып өскен өлкесіне телесаяхат жасайық.

Досхан Жолжақсынов - Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi, 1951 жылы дүниеге келген, кинодағы ұзақ жолын 1975 жылы бастаған. Жуырда тұңғыш режиссерлік дебюті орын алып, өзі басты рөлді сомдаған "Біржан сал" драмасы талантты ағамыздың қолынан шыққан алғашқы режиссерлік туынды болды. 350-ге жуық киiз үй тiгiлiп, 300-ге тарта ауыл тұрғындары тартылған кино жайлы "Бұл фильм менiң Досхан ретiнде қалыптасқан болмысымның жиынтығы iспеттi" дейді Досхан ағаның өзі.

0
0
906

Мұқағали Мақатаев- Автограф

Көрер едің, 
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзін Цезарь болып көрдің бе?
Сырым да – осы,
Жырым да – осы
Алдыңда.
Байқашы бір:
Бықсыдым ба, жандым ба?
Мақаңдар жоқ,
Мақаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Астана тұрғындарының шынайы жағдайы қандай?

0
0
544

Г-ға

Я помну те дни из прошлого

В них не было ничего пошлого

Просто я тебя может любил

Но эту любовь я уже убил

 

Вспоминаю их с улыбкой

Ведь были моменты с клубникой

Но все прошло,еще раз прошло

Я рад что это далеко не зашло

Сердце бьется в экстазе

Прах моей любви уже в вазе

Крах мечты быть с тобой

Эти чувства я унесу с собой

 

Помнишь мое *Посмотри назад*

о Боже,какой у тебя шикарный зад

Но тронуть его(их) у меня не было шанса

Даже во время нашего танца

 

Я уже не тот слизняк что раньше

Я теперь мужик,биг брейн в придачу

И еще знай у меня биг не только мозг

Увидешь когда я включу 5ую передачу

 

Я рад что те деньки

Уже уже позади

Теперь свободен я

Теперь свободна ты

 

Но и в те деньки была свободна ты

Ел Арнада жастар таңдаған - АЗАМАТ бағдарламасы

Құрметті блогерлер!!! Сіздердің назарларыңызға "Азамат" бағдарламасын ұсынамыз. Бұл бағдарлама әр аптаның сәрсенбі күні сағат 19.45 "Ел Арна" телеарнасынан көре аласыздар. Бағдарламада қоғамда болып жатқан неше проблемалар көтеріліп, көрермен назарына көрсетіледі. Әр апта сайын неше түрлі маңызды тақырыптар шығып тұрады. Сондықтан да, осы блогта өз ойларыңызды, пікірлерінізді, сын пікірлерді және де өз ұсыныстарыңызды талқылауға шақырамын. «Өскенде кім боласың?» Бала күннен құлаққа сіңісті болған бұл сауал, сауал туралы толғаныс сізбен бірге есейеді, сізбен бірге ер жетеді. Жауабы да сан қилы болушы еді. Білім іздеп, үлкен өмірге қадам басқанда, таңдаған мамандық, орта, көзқарас өзгерсе де, кешегі бала күнге деген сағыныш, бала күнгі балғын үміт ақжемделмек емес. Қайта келер күнге, болар…

0
0
1796

Азамат. Журналистердің құқығы қорғалған ба?

Қазақстан әлемде сөз бостандығы бойынша 15 сатыға төмен түсiп 142-ші орынға табан тiредi. Ал танымал журналистер елiмiздегi шынайы сөз бостандығын қалай бағалайды? Дина Төлепбергенді астарлы ақиқатты айтқаны үшiн кім сотқа берді?

0
0
432

Зіл-Әзіл. Баугүл апай

Егер де сіз бақыт іздеп, болашағыңызды білгіңіз келіп, жоғалтқан затыңызды тапқыңыз келсе, Баугүл апайға жолықпаңыз... себебі оның үстіне сіз ақшаңызды да жоғалтасыз.

0
0
177