Мазмұнға өту

Жаңа

28 қазан 2011 ж. - МҮГЕДЕК БАЛАЛАР МЕН 23 ЖАСҚА ТОЛҒАН МҮГЕДЕКТЕРДІ ҰБТ-ҒА НЕМЕСЕ КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ДИСТАНЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Қазақстанда алғаш рет дистанциялық білім беру технологияларына негізделген мүгедектерді ҰБТ-ге немесе кешенді тестілеуге дайындауға арналған жоба жүзеге асырылуда. Жоба міндеті: Дистанциялық білім беру технологияларын қолдану негізінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға (мүгедектерге) сапалы білім беруді қамтамасыз ету. Жоба мақсаты: Дистанциялық білім беру технологиясы бойынша ҰБТ немесе кешенді тестілеуді ойдағыдай тапсыруға 20 мүгедек-оқушыны дайындау. Жобаның тұсаукесері состоится в ноябре 2011 года. Точная дата будет объявлена дополнительно.. Тұсаукесерге ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен олардың өкілдері, жоба ұйымдастырушылары мен орындаушылары, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру органдарының басшылары, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес мекемелер, қаржы және бизнес құрыл…

0
0
377

Жол апатына ұшырасаңыз ең алдымен не істеу керек?

2011 жылы елімізге бұрын қолданыста болған 100 000-нан аса автокөлік әкелініпті. Оның басым бөлігі бүгінде Алматы қаласында зуылдап жүр. Ресми деректерге сүйенсек, қалада ресми тіркелген темір тұлпарлар саны 500 000-нан асады. Көлік көбейгесін, апат саны да артады. Жол апаты кезінде қандай шараларды ең алдымен қолға алған дұрыс?

0
0
313

"Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз" һәм Стив Джобс бақилық

Инна лиллаһи уә иннә иләйхи раджиун Алладан келдік және оған қайтамыз! (Бақара сүресі, 156-аят) Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз (Майлықожа Сұлтанқожаұлы) ..Бүгінгі 2011 жылдың 5-қазаны ауа-райы ерекше болып тұр. Ал жұмысқа келіп естігенім, Стив Джобс қайтыс болыпты. Осының алдында ғана ол кісінің өз позициясын Тим Кукке тапсырып, денсаулығы сыр бергендіктен жұмыстан кететіндігін жазған болатынмын. Енді міне... Ия, мұсылман ретінде бұл жағдай маған пәлендей қайғы болмауы тиіс. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаху әлейхи уәссалам) бізге "Иннә лилләһи уә иннә иләйхи ражиун" дегенді, яғни "Алладан келдік және оған қайтамыз" деп үйретіп кетті. Оның үстіне, тумақ бар жерде өлмектің де барлығы дәлел қажет етпейтін шындық. Майлықожа Сұлтанқожаұлы да "Тумақ сүннет болғанда, өлмек парыз" д…

2
0
3746

Біртуар актер Қасым Жәкібаевтың өмір және өнер жолы

Қырық жасында он екі жасар қатыгез баланы да, сексендегі селкілдеген қартты да сомдаған хас талант небәрі Алматы көркемсурет түлегі болатын. Театр мұрағатында сақталған деректерде Қасым Жәкібаев атамыз 1948 жылдан бастап театрдың қазақ труппасына жұмысқа қабылданған болатын.

1
0
258

Ренжімеңдер, бірақ тағы да – қазақ тілі туралы

Құпиямды ашайын. Кешеден бері не жүріс дегендерге (келіншегім оқып отырса — дұғай сәлем!). Үкіметтік Емес Ұйымдардың мәжілістерінің біріне, Вашингтон Университетінде (жақшаның ішіне АҚШ деп көрсетпей кетсем ше, хых-хых-хых)… қазақ тілінен(!) сабақ беретін Талант Мауқанұлы деген маман келеді деп еді.Профессор, үш тілді жетік меңгерген (қалған екеуі: қытайша мен ағылшын). Қазақ тілінен сабақ беретін адам көрмей жүрсің бе деме: брошюрада оның, сабақтарды оқытуда мультимедиалық тәсілдер қолданады деді ғой! Ал мультимедиалық технологиялар енді — менің «кәйпім» (егер мультимедиалық технологиялар біреудің әйелі болса, мен оны алып қашар едім, ал керек болса тіптен! ). «АҚШ қатты озып кеткен жоқ па?» деген күдік те бар баяғы. Мұхиттың ар жағынан пенде не күтеді? Баяғыда гуманитарлық көмек еді, қа…

0
0
982

ҮЕҰ: «алаяқ» индекстер

Бүгін Үкіметтік Емес Ұйымдардың келесі бір секциясында мамандар сандық көрсеткіштерге шүйлікті. Лирикалық шегініс: жазған құлдарыңызға да материалдық болмаса (тонна, килә, шақырым), гуманитарлық сандық көрсеткіштер айдың ар жағындағы түсінік болып жүр еді. Мысалы, «Адамның Даму Индексі» дегенді қалай түсінуге болады? Хех: «Бауыржанның даму деңгейі 0,7» деген шынымен бір-түрлі ғой: не жарымес екенін, не данышпан екенін бірден ұға алмас едіңіз. Әлқисса, халайық: мұңаймаңдар! Тіпті Өмір Сүру Сапаңыз нөл бүтін мыңнан бір десе де! Себебі, мына ұйымдар өздерінің сандық көрсеткіштеріне өздері күдік білдіріп жатыр! Әрине, жай ғана сандық көрсеткіштерге емес, бірнеше көрсеткіштердің қорытынды-синтезі болып табылатын агрегаттық көрсеткіштерге. Оның үстіне кейбір ұйымдар өз жұмыстарын жақсы жағынан…

0
0
624