Ағылшын тілін үйренеміз! Ағылшын тілін үйрену
Сәлем! Ағылшын тілін үйренген кезде олардың сөздері өзіміздің қазақи сөздеріне ұқсастығы барын байқадым. Сол жайлы сізге айтып берейін. Сөздерінің ұқсастығын түсіну үшін, келесе теориямен танысыңыз. Бұл менің жеке ойым, және ақиқаттан алыс болуы мүмкін, оны тек ағылшын тілін жақсы үйрену үшін қолайлы деп түсіну керек, саяси не басқа да кемсіту ойым жоқ тұғын. Түсіністікпен қарайсыз деп сенемін. Баяғы заманда Көк Түрік аталарымыз жер бетін кезіп жүріп тұманды Альбионға кемелерінің басын тірепті мыс. Бәлкім адасып келді ме, апатқа ұшырап қалған аталарымыз, әлде әдейі Тәңір жайлы ақиқатты жеткізем деді ме, білмедім. Әйтеуір аяғы ағылшын жеріне жетіпті, тек жол бойы діңгене (цинга, құрқұлақ) деген ауыруға шалдығып, алдыңғы тістері түсіп қалыпты. Содан айтқан сөздерінің бәрі шала естілетін бол…