Сайлау жақындағанда Козлов құтырады
Сайлау жақындағанда Козлов құтырады «Боранда бала мен ит құтырады» дейді халық. Ал сайлау жақындағанда «Алға» партиясының көсесі Владимир Козлов құтырады. Козловтың саяси науқандар қызған кезде бас көтеретін әдеті бар. Естеріңізде болса, өткен Президенттік сайлаудың қарсаңында ел басқармақ ойы бар екенін айтып, айды аспанға бір-ақ шығарған болатын. Таяуда Мәжіліс тарап, төменгі палата қайта жасақталатыны белгілі болып еді, жыл бойы шырт ұйқыда жатқан «Алға» партиясының көсемі тағы да әрекет ете бастады. Бұл жолы ол қайраткер ақын, тіл жанашыры Мұхтар Шахановқа қара күйе жағып отыр. Тіл жанашырын жалған оппозиционер, өтірік саясаткер, желтоқсаншылардың атын жамылған қу деп айыптаған Козлов: – Шаханов саясаткер емес. Шайқасып жүретін адамдардың шаласауатты болатыны белгілі,– деп көсіліп сұх…