Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Айқын" басылымымен кездесу

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері «Айқын» газетінің редакциясында қонақта болды.

«Айқын» газеті бас редакторының орынбасары Ермахан Шайхыұлы басылымның өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Бұл жүздесу болашақ журналистер, яғни біздердің кәсіби ізденісімізді арттыруға септігін тигізеді. Ең маңыздысы журналистика бөлімінің студенті Нұрсұлтан Құрманов тәуелсіздіктің төл құрдасы. Міне, редакция қызметкерлерін біздің замандасымыз қатты қызықтырды. Және олар Нұрсұлтан туралы Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында материал жазуға ұсыныс жасады. Алдағы уақытта біз досымыз, курстасымыз Нұрсұлтан Құрманов жайындағы мақаланы «Айқын» бетінен оқимыз деген сенімдеміз. Редакция ұжымы мен шығармашылық қызметтің ерекшеліктерімен бөліскен «Айқындықтарға» алғысымыз шексіз.

 

Студенттер «Айқын» газетінің ұжымымен

 

Азиза Өтеулиева
ХАТУ электрондық журналистика бөлімінің
1-курс студенті

2
4
581

Осы тақырып бойынша

"Айқын" басылымымен кездесу - Yvision.kz