Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда баспана мәселесін қалай шешуге болады?

Алматы - алып шаһар. Адам көп, пәтер аз. Оның есесіне жылдан жылға баспана бағасы өсіп барады. Баспана бас ауруынан қалай құтылуға болады? 60 000 теңге жалақымен 60 000 доллар тұратын баспананы қалай алуға болады?

0
0
336

Қазақша концерт-керемет концерт

Көрермендердің жүрегін жаулап, көпшіліктің көңілінен шыққан 31 арнадағы жобалардың бірі қазақша концерт. Нұрлан Қоянбаев пен Нұрдаулет Шертім және өзге де КВН арқылы танылған шебер шоумендер жүргізетін бұл думан, қойылымдарының тартымдылығымен, осы заманғы әзілді дөп басып айтуымен және жоба авторларының ізденгіштігімен ерекшеленеді.

Белгілі орыс журналисті Кипрас Мажейка Қазақстан студенттерімен кездесті


18 қарашада 90 - жылдардың белгілі журналисті Кипрас Мажейка Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттерімен шеберлік сағатын өткізді. Бұл жүздесу жас журналистердің шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Кипрас мырза журналистика саласына енгізген ерекшелігі арқылы халыққа танылған.Ең алғаш бағдарламаларына өз есімін енгізген журналист, біздің әрбір сұрағымызға нақты жауап берді.Әлемнің бес континентінде болғандығын баяндап, бейне материалдарын көрсетті.

«Журналистке қойылатын алғашқы талап ана тілін жетік меңгеру және тілдік қорының көптігі маңызды», -

деп атап көрсетті Кипрас Мажейка.

 

Өтеулиева Азиза

2
3
547

АО «РТРК«Қазақстан»

Дирекции информационно-аналитических программ АО «РТРК«Қазақстан» требуется редактор- ведущий (на казахском языке).
Требования: свободное владение государственным языком, опыт работы на телевидении.
Резюме отправлять по адресу: 010000, г. Астана ул. Московская 33 А. Тел/факс: +7 (7172) 93-08-13, e-mail: [email protected]

0
0
302

«Қазақстан» ҰТА

«Қазақстан» ҰТА Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясына қазақ тілді жүргізуші -редактор қажет.
Түйіндемені төмендегі мекен-жайға жолдауға болады: 010000, Астана қаласы, Московская көшесі, 33 А, Тел./факс: +7 (7172) 93-08-13 e-mail: [email protected]

0
0
366

Фото-бейне тіркеу жүйесімен белгіленген ЖЖЕсі бұзылғаны туралы ақпарат алыңыз

Құрметті «Электрондық үкімет» пайдаланушылары! Сіз, бұдан былай фото-бейне белгілеу жүйесімен тіркелген жол жүру ережесінің бұзылғаны туралы ақпарат ала аласыз! Бүгінгі күні, Сіз ірі қалаларда Қазақстан жолдарындағы жылдамдықөлшегішпен белгіленген ЖЖЕ бұзу туралы ақпаратқа сұраным жасай отырып, көре аласыз. Қазіргі кезде ереже бұзушылықты қарау сервисін келесі қалалардың тұрғындары қолдана алады: Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда, Өскемен, Шымкент, Орал, Қостанай, Семей, Қарағанды, Тараз. Қосымша, ағымдағы жылы Петропавл және Павлодар қалаларын қосу жоспарлануда. Кейінірек бұл қалалардың тізімі облыстық ЖПБ-дың фото-бейне арқылы ереже бұзушылықты тіркеу жүйесіне қосылу мүмкіндіктері бойынша үлкейеді. Автоматты жылдамдық өлшегіштермен белгіленген ереже бұзушылықты қарау үшін, Сізге…

0
0
583

Egov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты

2011 жылдың 10 айы ішінде egov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов хабарлады.

«Тіркелген пайдаланушылардың саны 4 есе артты, 789 мың электронды сандық қолтаңба берілді. ЭСҚ алуға хабарласқан қазақстандықтардың саны ай сайын 5-6 есе артты. Айыппұлдар мен салықтарды төлеу бойынша онлайн-қызметтердің танымалдылығы ұлғайды», - деп хабарлады С. Сәрсенов.

Вице-министр сондай-ақ ЭСҚ пайдаланудың жеңілдетілген рәсімін іске қосу пайдаланушылардың статистикасына оң әсер еткенін атап өтті.

0
0
671