Белгілі орыс журналисті Кипрас Мажейка Қазақстан студенттерімен кездесті
18 қарашада 90 - жылдардың белгілі журналисті Кипрас Мажейка Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттерімен шеберлік сағатын өткізді. Бұл жүздесу жас журналистердің шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Кипрас мырза журналистика саласына енгізген ерекшелігі арқылы халыққа танылған.Ең алғаш бағдарламаларына өз есімін енгізген журналист, біздің әрбір сұрағымызға нақты жауап берді.Әлемнің бес континентінде болғандығын баяндап, бейне материалдарын көрсетті.
«Журналистке қойылатын алғашқы талап ана тілін жетік меңгеру және тілдік қорының көптігі маңызды», -
деп атап көрсетті Кипрас Мажейка.
Өтеулиева Азиза
