Мазмұнға өту

Жаңа

Испандықтардың маған әсері

Испандықтар менің көзімде Альмодовардың фильмдеріндегідей болған. Иә, бәрі сол режиссердің киноларынан басталды десем болады. Санаңда қызу шоқтай із қалдыратын оның туындыларын көріп, сол бір бізге ұқсамайтын, тылсым дүниені көруге құштар болып қалдым. Алдымен Испанияның сұлу табиғаты қызықтырса, екіншіден Педро Альмодовар фильмдеріндегі саундтректер менің плейлистімнің сүйіктілер қатарына қосылды. Әсемдікті көзіммен көріп, тірідей тыңдағым келді. Алайда әдеттегідей алдыма мақсат қойып, оны wish-listіме жазбасам да, бірер айдан кейін Мадрид алаңдарындағы көше музыканттарының темпераментті мелодияларына құлағым қанығып жүрді. Ол әлі де бөлек әңгіме... Біздің қайта-қайта келіп "дескульпе сеньор" деп бастап бір жерді сұрағанымызға қандай адам болмасын бар жұмысын тастай салып, қайда кетіп ба…

1
1
632

Еліміздегі индустриаландыру кезеңі туралы фильм

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Facebook-тегі парақшасына «2007-2011 жылдардағы еліміздегі индустриаландыру шежіресі» атты жарты сағаттық фильм жариялады.Онда Қазақстанның әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында екені мақтанышпен айтылып, тиісінше соңғы жылдары он төрт облыста жаңадан іске қосылған өндіріс орындары, қоғамның өзге де салаларында жеткен жетістіктер тілге тиек етілген. Қаржы дағдарысынан да қаймықпаған Қазақ елінің болашағына зор сенім білдірілген. Әлеуметтің әлеуетін көтеруде жүзеге асырылып жатқан жобалар Қазақстанды танымастай етті. Бұл аталған фильмде айрықша көрсетілген.

0
0
271

Түнгі ойлар

Испаниямен 6 сағат айырмашылық. Әлі үйренісе алмай, барлығы ұйықтап қалғанда, түнгі үкілер сияқты жалғыз өзім тықырлап шай ішемін, киімдер реттеп, үй жинаймын. Әрине интернетте отырамын. Алайда түнгі 3.47-де достарымның көбісі тәтті ұйқыда, твиттердегі лентадан "Главное не бояться" фильміне берілген жақсы пікірден соң көрейін деп жүктеп қойдым. 2011 жылы түсірілген, басты рольде өзім жаман емес деп білетін Кейт Хадсон. Кино алдында аузымды жыбырлатып бір нәрсе жеп үйренген әдетім бойынша алдыма туған күнімнен қалған тәтті емес торт пен шай әкеліп алып көруге ыңғайландым... Жалпы фильм рак ауруына шалдыққан қыз бен оның сол оқиғадан алған сабақтары жайлы. Бірден айта салайын, қыз соңында қайтыс болады. Бірақ ол оған дейін шын ғашық болып, әкесін кешіріп, өмірдегі қорқынышынан айырылып үлгі…

3
0
1417

Өмір портреті

Бүгін қала сұр бояуға боялды. Өзінің ең қатал әрі сұрықсыз кейпіне енді. Қыздың көз жасындай ыстық емес, қытықсыз, қылаусыз жартастай болып жаратыла салған тәкаппардың суық жасындай болған сұр жаңбыр. Артынша табиғат өз балалары жасыл ағаш, шөпті еш аямай, түйдек-түйдек қарын боратты. Иә, өз ісіне берік табиғат қашанда бірқалыпты. Ешкімді сүймейді де, жек көрмейді де. Ешкімде шаруасы жоқ Қоңқай шал сияқты өз міндетін атқарады да қояды. Өзгенің мақтауын да, даттауын да күтпейді. Өзгеріссіз... Бұдан неше мың жыл бұрын жауған жаңбыр – сол жаңбыр, жапалақтаған қар – сол қар. Тек тықпыршыған адам жаны ғана тыным тапқан емес. Әйнекке ұрылған шыбындай ол бұл өмірмен күреседі, ақиқатын дәлелдейді, өзінің маңызын көрсетуге тырысады. Тек меңіреу табиғатқа бәрібір. Ол ойын соңы немен аяқталатынын бі…

1
2
1414

«Екпін» — мәдени-танымдық журнал

Бұл жоба біз үшін өте маңызды. Неге десеңіз, «Екпін» әзірге кішкентай онлайн-журнал болып көрінсе де, ювиженның айлар бойы жоспарда жүрген, командасын жинау үшін біраз уақытын жоғалтқан, материал дайындау барысында ондаған талантты адамдармен таныс болған жоба. Кейде, түнімен көз ілмей, біздің қолымыздан бұл келе ме, оқырманның көңілінен шыға ма, бізге сұхбат беруге келіскен адамдардың сенімін ақтай аламыз ба деп қобалжыған сәттер де болды. Ал жобаның мақсатын бірден анықтап алдық, өйткені дарынды жастардың өмір салты, талантты тұлғалар мен өнер, мәдениет секілді тақырыптар бізге өте жақын-тын, сол себепті осыны журналымыздың негізгі тақырыбы етіп алдық. Жоғарыдағы видеоға келетін болсақ, роликке біздің команда және де достарымыз — болашақ материалдардың кейіпкерлері түсті. Түсірген және…

Ғаламтордың қара жамылған күні немесе SOPA мен PIPA-ға қарсылық

Қара жамылған күн Бүгін, яғни 2012 жылдың 18 қаңтары әлемдік тарихта Ғаламтордың һәм Интернеттің қара жамылған күні болмақ. Қазірдің өзінде Wikipedia.org әлемдік ашық энциклопедиясының ағылшын тілі бөлігі, әлемдік ең ірі Wordpress.com блогплафтормасы және бірқатар ойын алаңдары және Reddit жаңалықтар аггрегаты тұмшаланды. Одан өзге ірілі-ұсақты интернет-компаниялар мен Google, Yahoo секілді іздеу жүйелері де бұл қадамды құптап, өздері де үн қосуда. Не болып қалды? АҚШ-тың Сенатында PIPA және SOPA деп аталатын екі заң жобасы қаралуда. Алдымыздағы сейсенбіде, яғни қаңтардың 24-і күні бұл екі заңның қабылдануына байланысты дауыс беру басталмақшы. Әгәрәки, «апалы-сіңлілі» бұл екі заңның қай-қайсысы қабылданып кетсе ғаламторда «тәртіп» орнамақшы. Ал жоғарыда айтқан компаниялардың өз сайттарын…

0
0
1011