Мазмұнға өту

Жаңа

600 адам жаңа мамандық иесі атанды

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Ақтөбеге барды. Өңір белсенділерімен, еңбек ұжымдарымен кездесіп, Жолдаудың маңызды бағыттарын түсіндірді. Ақтөбеліктермен пікір алысқан ақпараттық топ қалалық жұмыспен қамту орталығында болды. Орталық көмегімен өткен жылы 3 мыңға жуық адам жұмысқа орналасып, 600-і жаңа мамандық иесі атанды. Сондай-ақ өңірдің жол және тұрғын үй құрылысымен айналысатын кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Саңыраулар қоғамына тігін жабдықтары табыстады. Бұл мүгедектерді тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған нег…

0
0
377

Елбасы шейх Мансур бен Заид Аль Нахаянмен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары, Біріккен Араб Әмірліктері Президент істері бойынша министрі шейх Мансур бен Заид Аль Нахаянмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және одан әрі нығайту мәселесін талқылады.

Қазақ Президенті Астанадағы «Абу Даби Плаза» көпфункционалдық кешеннің жобасы табысты іске асып жатқанын баса айтты. Тараптар сондай-ақ посткеңестік кеңістікте алғаш қолға алынған «Аль-Халал» Ислам банкінің жемісті қызметін және «Аль-Фалах» бірлескен инвестициялық қорының жұмысының басталғанын ерекше атап өтті.
0
0
271

Ала қозының арқасындағы жазу

Құлақ естігенді - көз көреді. Қостанай облысының Көктерек ауылында арқасында «Аллаһ» деген жазуы бар қозы туды. Мал иесі мен жергілікті дін қызметкерлері бұған нық сенімді. Алайда, облыстық мешіттегілер бұл жай ғана ала қозылардың бірі дейді. Яғни, оның арқасындағы белгілер «Аллаһ» деген жазуға мүлде ұқсамайды. Дәурен Нуркин Көктеректегі төрт түлікпен күнелтіп отырған тұрғындардың бірі. Мал төлінен өсетіні мәлім. Иесіне әкелер табысы да сол. Сондықтан, қаңтар айында көк саулығы қоздағанда Дәурен қойының саны көбейгеніне қуанған да қойған. Кейін ауылдағы қариялардың бірі қошақанның арқасындағы белгі жай ғана алабажақ емес, «Аллаһ» деген жазу екенін айтады. Дәурен Нуркин, Көктерек ауылының тұрғыны: Сол кісі айтты мешітке апар деп. Сосын, имамға звондадым. Ол кісі өзі келіп көріп, суретке тү…

0
0
519

Жарты жыл ес-түссіз жатқан бала оянды

Шымкентте алты ай бойы ес-түссіз жатқан 3 жасар бүлдіршін оянды. Саусақтарын қимылға келтіріп, жан-жағына қарайлауды бастапты.
Бұл 2011 жылдың 16-шы тамызында болған жағдай еді. Үй маңында ойнап жүрген баланы машина соғып кетеді. Көлік иесі бала қаққанымен қоймай, оқиға орнынан ізін суытпаққа тырысады. Алайда, қылмыскер үш күн өтпей қолға түсті. Полицейлерге балақайдың көршісі көмек берген. Ол қаққан көліктің маркасы мен нөмірін ұялы телефонға суретке түсіріп алған. 3 жасар сәбиге операция жасалады, алайда, ота үстінде ол комаға түседі. Жүргізушіні сот 1 жарым жылға бас бостандығынан айырды.
0
0
371

"Жасанды әсемдікке алданбаған" Мұқағали Мақатаев

Бүгін қазақ әдебиетінің, поэзиясының қайталанбас романтигі, елеулі тұлға, өлеңдерін өзім сүйсіне оқитын ақын - Мұқағали Мақатаевтің туылған күні. Ұшан-теңіз елестер әлеміне жарқ етіп кіріп, ерте сөнген жұлдыз еді. Өлең жолдары қандай да бір сезімге толы, көңіл табалдырығына әкеледі, қиялмен ұштастырады... Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір –Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң. *** Келшi, қарғам, шашыңнан иiскейiн!Иiскейiн тек қана тиiспейiн *** Жауқазын-жан екенсiң;Жасанды әсемдiкке алданбаған. *** Құс та болғым келмейді, қанатым, Сәби болғым келеді, сәби болғым, Сәбиі жоқ ананың құшағында... *** СЕН ӘЛI ТIРI МЕ ЕДIҢ? О, махаббат!Сен әлi тiрi ме едiң?Көзiмнен ғайып болған күнiм едiң,Гүлiм едiң...Елтiген түнiм едiң,О, махаббат!Сен әлi тiрi ме едiң?! Мен сенi ұмытқамын.Жылытқаның есте жоқ суыт…

3
1
786