Мазмұнға өту

Жаңа

✔ Халқыма ©

"Оян, Қазақ!"- деп жұртқа ұран салған,
Міржақыпты қиналға мақтан қылам.
Абайдың қара сөзін ұғынбаған,
Қара қазақ халқына мен таң қалам.

Ей, халайық! Жастарыңа қарандар,
Арақ-шарап, ойын-сауық болды қуар.
Қайдан ғана ұл қызын жөнделеді,
Лағып жүрсе ұсақтанған ата-аналар.

Мен жырлайын қазіргінің жағдайын.
Компьютерге ағызады қайран жасым көз майын.
Агентте отырады басын булап,
Ойламайды болашағын, жан жайын.

Бұл агент әлі талай тағдыр құртар.
Отырады күндіз-түні мұнда жастар.
Ерігіп бос әңгіме қуады ғой,
Осылайша ес жоғалтар біздің қатар.

***

Селт етсе ойлайтыны тән рахаты,
Нәпсі қуып, құриды пәк табиғаты.
Білетіні тек қана көзді бояу,
Жоқ оларда Аллаға махаббаты.

© Батыржан Садық a.k.a. Sarymysyk BM

2
1
549

✔ Қиналған жүрек үні ©

Ақ маңдайлы сұлу қызбен таныстым,
Мінезі мен ақылына таңдандым,
Мөлдіреген көздеріне ғашық боп,
"Сүйем сені!"- деп айтуға қиналдым.

© Батыржан Садық a.k.a. Sarymysyk BM

2
0
579

✔ Жастарға ой салу ©

Ей жастар, тыңдандар қыз-жігіттер!
Ойын-күлкі қуып жүрме бекер.
Сүю мен сенімге бас ұрсақ біз,
Зорлық-қорлық қоғамнан өзі кетер.

"Ел түзеймін," - деп алма қолға қару,
Онсыз да айналамыз ыру-дыру.
Өз басында талда, қажет мүмкін саған,
Мүлдем әлде титімдей ғана өзгеру

© Батыржан Садық a.k.a. Sarymysyk BM
27.07.2011 ж.
(Гуфаның қыз ұзату тойы күні туған ой)

2
0
764

✔ Белгісіздік ©

Таңы да атты бұл күннің, не істейін,
Не болғанын өзіңмен мен білмеймін,
Қиналдым ғой, сені ойлап тағы-тағы,
Амалым жоқ, аландаймын, жүрек жынды қайтейін.

© Батыржан Садық a.k.a. Sarymysyk BM

1
0
489

«Алға!» мұнайшылар ереуіліне миллиондаған қаржы бөліпті

2011 жылы орын алған желтоқсан оқиғасына қатысты Жаңаөзендегі бүліктің кінәлілерін анықтау мақсатында Ақтау қаласында 16 тамыз басталған сот әлі жалғасуда. Бүгінгі сот процесіне Еуроодақтың Қазақстанның саяси мәселелері бойынша жауапты тұлғасы Анэт Джейкобсон да қатысты. 29 тамыз күні Айжангүл Әмірова куәлік ете бастаған болатын, алайда 8 сағатқа созылған жауап алу аяқталмаған соң, келесі күнге қалдырылып, яғни 31 күні жалғасын тапты. А.Әміроваға айыпталушы Серік Сапарғалидың тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сізді бәрі біледі. В. Козловтың сеніміне ие болдыңыз. Тіпті, Еуропаға дейін танымалдығыңыз артып Халықаралық деңгейдегі саясаткер атандыңыз» сынды сөздермен куәнің деңгейіне де тоқтала кетті. Ал Козлов куәге сұрақ қоюды бастамас бұрын, әуелі оны…

1
0
611

Козловтың «Мылтықсыз қаруы» нені меңзеген?

Кеше Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына айланысты В.Козовтың, С.Сапарғалидың, А.Әминовтың қылмыстық істері бойынша сот отырысы жалғасты. 31 тамыз күні сот отырысының соңында Б.Мырзабеков дүйсенбіде қорғаушылар тарапы куәгерлерінен жауап алу басталатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, кеше сот отырысына Польша мемлекетінен келген бақылаушылар да қатысты. Осы отырыста мемлекеттік айыптаушылар тарапы куәсінің бірі – Қуан Имашевтен жауап алу басталды. Ол ереуілге қатысқан мұнайшы 7 ай бойына жалғасқан шерудің ұзаққа созылуында саяси партиялар жағдайды ушықтырып, саясиландырып жіберді дейді. Бастапқы бетте еңбек дауы 3-4 талаптан басталып, кейін талаптардың саны 15-16- ға жетіп, соңында халық не үшін тұрғанын да білмей қалғанын айтты. Оның айтуынша жұмысшылар «Халық майданы», «Алға» партиясы өкілдерін…

1
0
610

Құрылтай қарсаңындағы көңіл күй қалай?

Иә, Жазушылар одағының кезекті құрылтайы жақындаған сайын талай даулы әңгімелер айтылуда. Айқын газетінің тілшілері құрылтай қарсаңындағы жазушылардың пікірін білді. Қалихан аға: "қара шаңыраққа ие бола алатын адам табыла ма?" деп алаңдаса, қазақ жазушысы Герольд Бельгердің айтар өз уәжі бар. Ол: "барлығы жақсы болатынына күмәнмен қараймын" дейді.Қаламгерлеріміздің осы мәселеге қатысты айтқан пікірінің толық нұсқасын "Айқын" газетінің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар...

1
0
581