ru
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 жазбалар4 тіркелуші
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
7

Номадтың жетеуі

Өнер саласындағы маңызды оқиғаларды, тарих пен археологияның жаңа және ескі айғақтарын жаңғыртуға ұмтылатын, өмірдің көркін келтіретін қызықты адамдар туралы баяндайтын Nomad-Kazakhstan журналы Қазақстанның мәдени алаңына шыққанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы датаға орай Ә. Қастеев атындағы мұражайда алматылық жеті суретшінің шығармаларынан құрылған ерекше көрме ұйымдастырылған еді.

Көрменің кураторы Баян Барманқұлованың айтуы бойынша жеті деген санға толғандарының себебі: «Бұл біздің жасымыз, әр түрлі жеті стилистикалар, өнер концепциялары мен материалдары. Бірнеше ондаған аттардан тамаша жетілікті ерекшелеу қиын болды. Бірақ осы жетеуге тоқталдық».

12-26 шілде аралығында өтетін «Номадтың жетеуі» деп аталатын көрмеде әлемнің керемет кескінін ғажайып гоболендер мен текеметтері арқылы көрсете білген шеберлер Әлібай мен Сәуле Бапановтар, табиғаттың әсемдігін ақындық мәнермен жырлаған дарынды суретші Елена Бейсембинова, қиялынан адамдарды ойлап тауып және олардың өмірін экспрессиялық тілмен бейнелейтін Андрей Нода, өзінің кескіндеме мен графикада бейнеленген лауазымды кейіпкерлерімен ерекшеленетін Александр Осипов, керемика мен болжамсыз глазурьді өзіне көндіре білген Решат Қожахметов және қоладан адам болмысын шеберлікпен сомдай білген Эдуард Казарян.

Сәуле Бапанова, "Жерұйық". Жүн, жартылай асыл тастар, қолдан тоқылған. 2011 ж.

Александр Осипов, "Уылдырық шашуға бара жатқан балыққа тамақпен ән айту". Кенеп, майлы бояу, 2011 ж.

Эдуард Казарян, "Жасампаздар заманы", қола, құйма, 2008 ж.

Ая Бапани, дизайнер:

«Көрме маған өте ұнады. Өйткені бұл жерде Қазақстанның ең мықты суретшілері жиналған деп білемін. Сонымен қатар, мен бұл суретшілердің барлығын кішкентайымнан танитын болғандықтан, көрме маған өте ыстық».

Лариса Нода, журналистика факультетінің оқытушысы:

Барлық суретшілердің жұмыстары өте мықты. Көрме әр түрлі жанрдағы дүниелерді біріктіре алғандығымен ұнады. Көрменің кураторы Баян Барманқұлова Қазақстаннның ең мықты суретшілерін таңдап алды деп санаймын. Бұл көрме Қазақстанда дарынды суретшілер бар және олар көп екендігін көрсетеді.

Әлібай Бапанов, суретші:

Жұбайым Сәуле екеуіміз Мәскеуде білім алып келгеннен кейін осындағы Жүргенов атындағы өнер академиясында отыз жылдай сабақ беріп келеміз. Көптеген түлектеріміз бар. Өзім монументалды кескіндемеден сабақ беретін болғандықтан, бүгінгі түлектерім метроларды, Астанадағы ғимараттарды безендірумен айналысады. Жақсы-жақсы талантты жастар бар.

Бұл көрмеге соңғы жұмыстарымды алып келдім. Көрмедегі «Түңгі мерген», «Көк бөрі», «Әлем тауы», «Жұмақ жер», «Салт атты» деген суреттер осы Nomad журналында жарық көрген. Сонымен бірге, жұбайым Сәуленің де біраз жұмыстары бұл көрмеде бар.

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

Айжан Кәрібаева