Мазмұнға өту

Жаңа

«Зачем орысша, когда есть қазақша?!»

IT индустрия елімізде жылдан жылға дамып жатқаны баршамызға мәлім, соның дәлелі ретінде қазнеттегі электронды коммерцияның өсуі, түрлі веб-дизайн студиялар мен диджитал агенттіктердің ашылуын айтуға болады. Бұрын отандық IT индустрияны Алматымен байланыстыратын болсақ, қазіргі кезде аймақтарда да бұл саланың мамандары жетерлік. Бүгінгі сұхбаттың қонағы Тимур Бектұр бұл жайында сөз қозғап, интернеттегі қазақ тілді жобалардың болашағы мен идеялары турасында әңгімелейді. — Алдымен өзіңіз жайында айтып берсеңіз. Бүгінгі мамандығыңыз IT саласына деген қызығушылығыңыз қанша жасыңызда оянды? — Мен Маңғыстаулықпын. Жетібайдың тумасымын. Мамандығым ақпараттық технология саласына тікелей қатысты. Қазақшалау не оны түсіндіру ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Жалпы халықтың тілімен айтқанда «компьютерщик»…

Аптаның қызықты материалдары #19

Алтынға күйе жағылған күн Киноиндустрияның жаңа өнімі жылт етсе, кинотеатрға тартатын әдетім бар. Сол әдетім мені осы аптада тағы да киноэкранның алдынан бірақ шығарды. Алдын ала афишаны зерттегенімде, көзім бірден «Орда» деп аталатын фильмнің жарнамасына түскен еді. Фильмді түсірген ресейлік режиссер Андрей Прошкин деген сабаз екен. Фильмнің аннотациясы атауынан бетер қызықтырды: «XІV ғасыр. Алтын Орданың Еуразия материгінің басым көпшілігіне билігін орнатқан заман. Мәскеу княздігі де салық төлеп тұрған алмағайып дәуір» - деп қойыпты. Әншейінде, орыс ағайынымыз аспаннан аяғы салбырап түскендей, тарихи фактілерді мойындамай жатушы еді, бұл фильмнің мазмұны қандай екен деп көруге асықтық. Оның үстіне Алтын орда заманы күллі түркі тілдес бауырларға ортақ, әсіресе қазақтың нақ өзінің тарихы…

6
0
1357

«Аз уақытта көп білу жолының басы»

«Екпін» жобасы «Алаш» айдарында «Айқап»* журналының беттерінде жарық көрген мәдениет, әдебиет, тіл және жастар жайында жарияланған мақалалар тізімін жасап, оқырмандарымен бөліспекші. Алғашқы материалымыз 1912 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың оқу-білім мен тәрбие тақырыбына арналған. Аз уақытта көп білу жолының басы Мақсудлы жерге баруға сапар жолын анықтап білу міндет. Жалғыз болып жаңылса, қатесі өзіне тиеді, басшы болып адасса үлкен зияншылық шашады. Қазақ халқы барамыз деген жерін сезіп жүр «ғылым-білім» деп. Барамыз деген жерін біліп оқуға көңілденгенге басшы молда, мұғалімдерді не жолменен апарудың өздері анық білуге аса міндетті. Басшы түзу болса, ұзын жол қысқа, басшы олақ болса, қысқа жол ұзын. Қысқа жолға уақыт аз, ұзын жолға уақыт көп өтеді. Уақыттан бағалы дүниеде ешнәрсе…

«Бастау» жас кинематографистер додасы қалай өтті?

Өнер мейрамына айналған II «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептердің халықаралық кинофестивалі 23-27 қазан аралығында әсем Алматыда Америка, Орта Азия іспетті 15 елден келген жас кинематографисттердің басын біріктірді. Фестиваль студент -режиссерлардың өзара тәжірибе алмасуына мұрындық болып, отандық киноөндірістің даму бағытындағы жастардың рөлін анықтай келе, киносүйер қауымға 180 фильмнің ішінен іріктелген 44 фильмді назарға ұсынды. ««Бастау» кинофестивалінің аясында көрсетілген фильмдер құрылымы, техникалық шеберлігі, айтар ойы жағынан кәсіби шеберлерден еш кем емес. Фестивальде дарынды жастардың шеруін көргендей болдық. Әр фильмнің өзіндік шеберлігіне қарап, әлі қалыптасу үстіндегі студенттердің жұмысы дегенге сенбейсің, фестивальге ұсынылған фильмдердің барлығы дерлік өзінің…

5
1
1247

Алматы көшелері: Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы көшесі

«Алматы көшелеріне саяхат» айдарының кезекті саны белгілі қоғам қайраткері, ғалым-механик, техника ғылымдарының докторы Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлының атына берілген көшеге арналмақ. Ө.Жолдасбеков көшесі Медеу ауданындағы Самал-1 және Самал-2 ықшамаудандарының арасында орналасқан. 1990-шы жылдары салынған бұл көше Достық даңғылынан бастап Фурманов көшесіне дейін жалғасып жатыр. Оның ұзындығы 700 метр. Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлы 1931 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қызылсу ауылында дүниеге келген. Бала кезінен техникаға жақын Өмірбек мектепті тәмәмдағаннан кейін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1954 жылы бітіріп шығады. Содан кейін Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технология институтына оқытушы болып келеді. Оқытушыдан аға оқыт…

Аптаның қызықты материалдары #20

Дос Көшім. Ұлт пен Мемлекеттің намыс туралы түсінігі бірдей емес екен... Қытай Халық Республикасының интернет ақпарат құралдарының ішіндегі ықпалды, таралымы кең электронды ақпарат құралдарының бірі болып саналатын Шинлаң (sina.com.cn) сайтында Қазақ халқының салт-дәстүрін бұрмалау, қорлау, және мазақ ету мақсатымен жазылған мақала жарық көрген болатын. «Естелік» ретінде жазылған мақаланың авторы Хұң Бау: деп, Қазақтың салт-дәстүрінде жоқ, Қазақ халқының ұлттық ар-намысына тиетін жалған оқиғаны өз басынан өткен шындық ретінде жариялады (жалғасы). Суретші мүгедек жанның өмірін комикс арқылы көрсетті Көрме-репортажда балалардың церебральды сал (ДЦП) сырқатымен ауыратын Бақытжан Жұмановтың күнделікті тіршілігі комикстер арқылы көрсетілген. Көрмеге 50 жұмыс қойылған. Жобаның мақсаты – мүмкінд…

6
0
963

Алматы көшелері: Малбағар Меңдіқұлов көшесі

Өткен аптада бастау алған «Алматы көшелері» атты айдардан Ораз Жандосов атындағы көшеге саяхаттап, қазақ елі үшін аянбай еңбек еткен ер жайында біраз ақпаратқа қанық болған едіңіздер. Бүгін сәулет өнерінің ұлттық түрінің дамуына орасан үлес қосып, қабілетті мамандардың дайындалуын, өсуін, өркендеуін қадағалап отырған ұлтының шынайы жанашыры, қазақ сәулетінің тұңғыш профессоры Малбағар Меңдіқұлұлы Меңдіқұлов атындағы көшені аралай отырып, сәулетшінің өмірі жайында біраз баяндамақшымыз. Малбағар Меңдіқұлов 1909 жылы Орынбор облысының, Адам ауданындағы №11 ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбексүйгіш, ізденімпаз, архитектураны жанындай жақсы көретін, әрқашан да жаңа, тың дүниелерді іздеп жүретін Малбағар 1936 жылы Орта Азия политехника институтының архитектура бөлімін бітіргеннен кейін бі…

8
7
3029

Журналистердің этика кодексі жай ғана дабыра ма?

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті жаңадан қабылданған журналистердің кодексінің талқылауын ең бірінші болып дөңгелек үстелге шығарды. Оның алдында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матай, қазақстандағы ЮНЕСКО бюросынан Сергей Карпов, президенттің пресс қызметінен Валерий Жандаулетов пен тағы басқалар өз пікірлерімен бөлісіп, сонымен қатар журналистика мамандығының студенттерімен әңгімелесті. Кездесуді университет ректоры Дамир Абдухалиұлы қызықты да мағыналы келіссөз жүргізуді тілеумен бастады. Нұр Отан халықтық-демократиялық партияның Бостандық ауданының филиалынан Станислав Владимирович журналистік этиканы сақтаудың маңызын меңзіді. Валерий Жандаулетов кодекстің адами моральдік құндылықтардың маңызды бөлігі екендігін атап өтті. "Қазақ энциклопедиясының" б…

2
2
1273

Алматыда модель болу оңай ма?

Сән, сұлулық әлемі, күнделікті көрсетілімдер мен сүйсінген көзқарастар... Модельдік өмір жас қыздарды глянец журналдардан осындай «тәтті» келбетімен тартады. Ал шынайы өмірде модель болу оңай ма? Мұхит асып, шет елге көз салсақ, әлемдегі ең табысты модель — бразилиялық Жизель Бундхен. «Форбс» журналының есептеуінше, оның соңғы жылдағы табысы 18 миллион долларды құрапты. 32 жасар модельдің ең басты табыс көзін танымал брендтермен жасалған келісімшарттар құрап, қазірдің өзінде ол Гиннес рекордтар кітабына ең табысты модель ретінде тіркелген. Әрине, біздің модельдер миллиондаған сандарды армандамаса да, жұмыстарына лайықты ақы алғысы келеді. Салтанатты шараларда әдетте көзге «міндетті» болып көрінетін әдемі көйлек киген қыздар, сахнада гүл, диплом табыстап жататын ұзын бойлы арулар — Алматы…

Күзгі әндер тізімі

Қай кезең болмасын, ақын-жазушылар жыл мезгілдеріне байланысты өлең жазып, музыка шығарып отырғандығы белгілі. Сондай туындылардың бірден-бірі төрт концерттен құрылған Антонио Вивальдидің «Төрт маусым» деп аталатын еңбегі. Біздің қазақта да жыл мезгілдеріне байланысты әндер, өлеңдер өте көп. Бүгін «Екпін» журналы жылдан жылға ән қоржынымызды толтырып келе жатқан эстрада әндерінен рэп стиліне дейінгі меломандар мен қарапайым тыңдарман арасында танымалдылыққа ие он күзгі қазақ әнінің тізімін жарияламақшы. «Күрең күз» — «Ән әлемінің Ақбаяны» атанған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның орындауындағы ән. «Күзгі бақ» — МузАрттың орындауындағы бұл әнді елімізде естімеген жан жоқ шығар. 2009 жылы жарыққа шыққан «Күзгі бақ» әні сол жылдың да, бүгіннің де күзгі хиттарының бірі. «К…