Мазмұнға өту

Жаңа

Төстік батыр мен Жөндік би туралы лингвистикалық ертегі

Ерте, ерте, ертеде, ежелгі қазақ жерінде, Еділ мен Ертіс енінде бейбіт өмір жайлаған бір ел болыпты. Онда ел басқарған екі дана - Төстік батыр мен Жөндік би атты ағайынды екеуінің өз елінде орнатқан тұрақты, әдепті тәртібі, ондағы жарасымды әлеуметтік өмір, әділ билікті бүкіл халық құлшына қолдайды екен. Күндердің күнінде көршілес отырған бір ел өз ішінен бүлініп, өзара қырқысып, елдің берекесі кетеді. Әбден жүдеген жұрттан Төстік батыр мен Жөндік биге елшілер келіп, ол елге де әділ билік орнатып беруін сұрайды. Төстік пен Жөндік сарай маңындағы жағымпаз елпектерге ел билігін сеніп тапсырып, өздддері көрші елге қырық күндік шөлден өтіп,айлап жүріп ат арытып жетеді. Бірі батыр, бірі би ағайынды екеуі бұл елде де белдескендермен белдесіп, даукестерін сөзбен жеңіп, жәбірленгендерді жебелеп,…

0
0
1059

Студенттер туралы кино тізімі

Бүгін Халықаралық Студенттер күні. 1946 жылы 17 қарашада Прага қаласында Халықаралық студенттер конгресі өткен болатын, чех студент-патриоттардың құрметіне (1939 жылы Чехословакиядағы оқиғаға байланысты) бұл датаны әлем студенттеріне арнаған еді. «Екпін» журналы өзінің студент оқырмандарын мерекелерімен құттықтап, студенттер мен студенттік өмірді суреттейтін кино тізімін ұсынып отыр. «Der Student von Prag»/«Прагалық студент» Режиссері: Стеллан Рийе, Пауль ВегенерЖанры: драма, фантастика, үрейліШыққан жылы: 1926 Сыншылардың пікірінше германиялық киносимволизимнің алғашқы туындысы болып табылатын «Прагалық студент» тұңғыш үрейлі киноның барлық шарттарына сәйкес түсірілген фильм. Фильмнің басты кейіпкері жоқшылықтан қиналып жүрген Балдуин есімді студент. Ол ақша тапшылығынан қиналып, бір күн…

10
0
2206

Әйелдерге арналған қолғаптар күзгі аксессуарлардың шыңында

Әйелдерге арналған қолғаптар күзгі аксессуарлардың шыңында. Бағзы заманнан бері бикештер оларды тек салқыннан қорғаныш ретінде ғана емес, сәндік үшін де киген. Сол кезден бері көп нәрсе өзгермеген сыңайлы, тек осы аксессуарлардың саны күннен-күнге ұлғаюда. Ұзын қолғаптар соңғы маусымдарда тренд болып келсе де, биылғы күзде де актуалдықтi сақтап отыр. Қолғап ұзындығы әр түрлі болуы мүмкін. Қолдың 4/1-ін жабатын, шынтақтан сәл жоғары, немесе иыққа дейін жететін модельдер жетерлік. Бір түсті, еш сәндеуіштерсіз қолғап үлгілерін қалың сақиналармен немесе жылтыр білезіктермен әшекейлеуге болады. Ұзын қолғаптар қысқа коктейльдік көйлектермен, жилет, қатал костюм немесе тоқылған киімдермен жақсы үйлеседі. Giorgio Armani, Haider Ackermann, Rag & Bone, Gaultier тек қана саусақтарды ғана жабатын…

0
0
1810

16-қараша — Халықаралық толеранттылық, мейірімділік күні

ЮНЕСКО-ның «Толеранттылық қағидаларының декларациясында» бір-бірімізді тұлға ретінде сыйлауымыз керек, әр адамның түр келбетіне, әлеуметтік жағдайына, құндылықтарына, жүріс-тұрысына қарамастан, ол өмірде өз индивидуалдығын сақтауы керек, Жерде бейбітшілік пен мейірбандық ортасында өмір сүруі керек жайлары айтылған екен. Осындай күндері ойымызға еріксіз көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандар есімізге түседі. Ал «кіжінуің көп, килігуің жоқ» дегендей, сөйлеп қана қоймай, іс жүзінде көмек көрсетіп жүрген адамдар бірен-саран. Солардың бірі, «Екпіннің» бүгінгі кейіпкері еліміздегі ең жас редактор — Қуаныш Кәрім. Ол бүгінде 22 жасқа енді келсе де, «Жан мейірі» атты қайырымдылық журнал ашып, қазірдің өзінде көптеген жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетіп жүр. Демалыс күнінде д…

5
7
2533

Оңай ата - бизнес орталығы.

Біздің, халыққа көрсеткіміз келгені Атырау –Құлсары тас жолы бойындағы Оңай ата деген персонның мифтік келбетінің қиратылуы.

Оңай ата 1823 – 1900 жылы аралығында өмір сүрген.

– Ысық руының төл тумасы, Шүйіш бөлімінен шыққан ақылшы, айналасындағыларды тыңдата алатын беделді адам болған.

Аңыздарға сенсек ол кісінің аруағын мойындамасан көлікті аударып тастайды екен. Ол сондай құдіретті кісі екен. Бірақ бұл аңызға біз сенбесекте басқалары сенеді.

Қазіргі таңда ол кісінің мәйіті көтеріліп мазар қылынған. Құранды артқа тастаған халық Құдайға емес, осы өлі аруаққа сиынып жатыр. Мағынасыз бет сипау, ақша тастау, аруақтан көмек сұрау, одан қорқу Исламға жат ритуалды культтер. Бейне ролигімізді әрі қарай тамашалаңыздар.

http://youtu.be/EtcWv0SQnIw

0
0
2305

15 қараша — Қазақстан ұлттық валютасының күні

Бүгінгі датаға орай теңгеміздің тарихына шолу жасасақ... Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мұражайының негізін КСРО Мемлекеттік Банкінің Қазақ Республикалық кеңсесінің басқарушысы В.А. Бондаренко мен Банк жүйесінің даму тарихы кабинетінің меңгерушісі В.А.Бахарев қалаған. Мұражайдың 1997 жылдың 13 қарашасында болған ресми ашылуына ең бірінші болып келген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мұражайдың құрметті қонақтарына арналған кітапқа»: Бүгінгі күні тек Республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық та мәні бар Ұлттық Банк мұражайының қорында 5 мыңнан астам жәдігер бар. Ал экспозицияға мыңнан астам әр түрлі жәдігерлер қойылған. Олар: алтын адамның макеті, банкноттар, монеталар, тарихи құжаттар, кәдесыйлар, алыс және жақын шетелдерден келген қонақтардың сыйлықтары,…

7
2
7931

Айдарбек Рысбек: «Өнердегі сабағым ешқашан тоқтамайды»

Сұлтанмахмұт Торайғыров былай дейді: Біздің қазақ әнқұмар халық... Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді. Бара-бара не болса да сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады. Ән әуезінің майын тамызып, жүректен шыққан ой терімдерін сезімталдығы мен сезгіштігінің арасында құлағыңның құрышын қандыратын, қазақтың кең даласындай дауысымен сахна дейтін қасиетті биікке қадам басқан, адамдықтың ауласынан алыстамауды басты мақсаты санаған, атаның емес, адамның баласы болар, болашағынан зор үміт күттіретін жас әнші Айдарбек Рысбекпен бір үзік сыр. — Айдарбек, қазақ эстрадасындағы жанды дауыспен орындалатын, жыл әнін іріктеуші «Саз әлемі» бағдарламасына қатысып, бақ сын…

6
8
1376

Алматы көшелері: Абдолла Розыбакиев көшесі

Екпіннің «Алматы көшелеріне саяхат» атты айдары апта сайын қала көшелері иеленген есімдердің сырын шертуді жалғастырады. Бүгін Қазақстанның партия, совет қайраткері, Қазақстан мен Түркістанда Совет өкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы және жалынды публицист Абдолла Ахметұлы Розыбакиев құрметіне берілген көшеге саяхаттаймыз. Абдолла Ахметұлы Розыбакиев 1897 жылы Алматы облысындағы қазіргі Еңбекші қазақ ауданындағы Киікбай ауылында дүниеге келген. Кішкентайынан Елікақпар ағасының әңгімелерін тыңдап, Шығыс пен Ресей ақындарының өлеңдерімен сусындаған Абдолла ақылды, әрі зерек болып өседі. Жасы жеткенде әкесі Ахмет оны медресеге оқуға береді. Алайда Абдоллаға медреседе қызық болмайды. Сөйтіп ол ағасы Елікақпармен кетіп қалып, орыс мектебіне оқуға түсуді өтінеді. Алматы қаласына…

7
2
4569

Жексенбілік дастархан: денсаулыққа пайдалы салаттар

Бүгін «Аспаздық» айдарында жеңіл, қолжетімді, әрі денсаулыққа пайдалы салаттың екі түрімен танысамыз. Бұл салаттар әсіресе спортпен шұғылданатын адамдарға қажет. Бірінші салатымыздың құрамында брокколи (broccoli) бар. Бұл өсімдіктің ағзаға не пайдасы бар? Брокколиде А, С, Е, В1, В2, РР дәрумендері мен минералды заттар (калий, кальций, темір, натрий, фосфор, магний, мырыш, марганец, йод, хром, бор) бар. Оған қоса, метионин, тиамин, фолий қышқылы, холин мен рибофлавин бар. Сонымен, брокколиден жасалған салат үшін бізге не қажет: - брокколи - қияр (бізде тұздалған) - сәбіз - жүгері (консервіден) - өсімдік майы Бірінші, сәбіз бен брокколиді суға салып пісіреміз. Қиярды турап аламыз. Сәбізді үккіштен өткізіп аламыз. Брокколиді турап аламыз. Май мен жүгеріні қосып, араластырамыз, қажет деп есеп…

6
4
8431