Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Тіл сақшысы” Абылай хан даңғылында тексеру жүргізді

Өткен аптада “Рух пен тіл” жастары “Тіл сақшысы” жобасы аясында Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы көшені және Жібек жолы көшесінің бойындағы Арбатта арнайы рейд өткізді. Соның нәтижесінде 53 заң бұзушылық факті анықталды. Бұл заңсыздықтар 20 қараша күні қалалық Тілдерді дамыту басқармасына тапсырылды.

Төменде аталмыш шағым хат берілген.

Толығырақ:http://rukhpentil.org/?p=1445

«Алматы қаласы Тілдерді дамыту,
мұрағаттар және құжаттама басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Мамай Қаниұлы Ахетовке
«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымынан

Шағым хат

«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы «Тіл сақшысы» арнайы рейдін Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы көше мен Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан Арбатта ұйымдастырып, 53 заң бұзушылық фактіні анықтады. Бұл заң бұзушылықтар көп жағдайда «Тіл туралы», «Жарнама туралы» заңдардың мемлекеттік тілге қатысты баптары бұзылған. Төменде рейд қорытындысын ұсынып отырмыз.

Қонаев-Жібек жолы көшелерінің қиылысы. “Элитэ” перделер салонының жарнамалық маңдайшасында жазулардың барлығы орыс тілінде жазылған, тек “перделер салоны” сөзі ғана қазақ тілінде жазылған. «ҚР-дағы Тіл туралы» 1997 ж. 11 шілдедегі №151-І Заңында жазылған «Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады» деген 24 бабы бұзылған. Заңға сәйкес қазақ тілінде жазылуы керек.

Сондай-ақ дәл осы салоннан кейін орналасқан кафенің атауы да орыс тілінде. Ондағы тақтайшада “кафесі “Коркыт ата” кафе” деп көрсетілген. “турік тағамы” деген сөзде қателік бар, тиісінше ол “түрік тағамы” болып жазылуы керек. Кафенің ас мәзірі орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жазылып қазақ тілінде жазылмағын, бұл да жоғарыда келтірілген заңға қайшы.

«Қорқыт ата» кафесінен кейін орналасқан келесі жарнамалық тақтайша да мемлекеттік тілде емес, орыс тілінде жазылған. Мемлекеттік тілде жазылған жалғыз сөз “перделер” ғана.

Осы қатарда бойлай кеткен дүкендердің маңдайшаларының атауларының барлығындағы жазулар орыс тілінде ғана жазылған.

Жібек жолы және Фурманов көшелерінің қиылысы. “Алтын” зергерлік салонының

жарнамалық  тақтайшасында “менің сүйікті қалам” деген сөз тіркесіндегі «сүйікті» сөзі “суйікті” деп жазылған.

Жібек жолы-Фурманов көшесімен қиылысқан тұсында орналасқан жер асты өткелінде орналасқан сауда нүктелеріндегі жазулар орыс тілінде берілген.

Арбатта орналасқан “Раметру” мега бутигі. Онда «ҚР-дағы Тіл туралы» 1997 ж. 11 шілдедегі №151-І Заңында жазылған «Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады» деген 24 бабы бұзылған. Барлығы тек орыс тілінде жазылған.

Арбаттан төмен қарай. Мына тақтайшада «Әлімжанов к-сі» деген жазу дегеннің “Алимжанов к-сі” делінсе, «Мақатаев к-сі» деген жазу “Макатаев к-сі” деп жазылып, орфографиялық қателіктер кеткен.

Келесі заңбұзушылықтар арбаттың ортасында орналасқан. Ол жерде де «Тілдер туралы», «Жарнама туралы» Заңда бұзылған.

Тіпті, Орталық әмбебеп дүкенінің атауы орысша жазылған.

Абылай хан-Жібек жолы к-нің қиылысы. Біріншіден, жазуда стилистикалық қателер бар. Екіншіден, «Тұпнұсқа» деген сөз орфографиялық талапқа сәйкес келмейді.
Абылай хан көшесінің бойында орналасқан Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың қасында орналасқан Гүлдер дүкенінің артындағы жарнама түгелімен орыс тілінде.

Абылай хан даңғылы 34. «ҚР-дағы Тіл туралы» 1997 ж. 11 шілдедегі №151-І Заңында жазылған «Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады» деген 24 бабы бұзылған.

Абылай хан көшесі-Райымбек даңғылының қиылысы. Жерасты өткелі қатарындағы дүкендердің атаулары тек ресми тілде жазылған. «Жарнама» туралы ҚР-ның 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңындағы «Мерзiмдi баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң қалауы бойынша басқа да тiлдерде таратылады» деп аййтылған 6-баптың 2 тармағын, атауы мен маңдайшаларындағы жазулар «ҚР-дағы Тіл туралы» 1997 ж. 11 шілдедегі №151-І Заңында жазылған «Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады» деген 24 бапқа сай емес.

Абылай хан көшесінің Мақатаев, Төле би көшелерімен қиылысқан қатарларында орналасқан көптеген дүкен, мекеме т.б. сауда орындарында заң бұзушылықтар анықталды.

Абылай хан даңғылының Төле би көшесімен қиылысындағы жерден Абай көшесінің қиылысына дейін. Даңғылдың екі жағындағы сауда орындары, мекемелердің маңдайшаларында, жарнамаларында «Тілдер туралы», «Жарнама туралы» заңдар өрескел бұзылған.

«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы Алматы қаласы бойынша Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының аталған кемшіліктерді назарға алып, заңды бұзған мекемелерге қатысты шара қолдануы үшін 1 ай уақыт береді. Қойылған талаптар орындалмайтын жағдайда «Рух пен тіл» ұйымы аталған заңсыздықтармен күрестің басқаша тәсілдеріне көшетіндігін ескертеді.

20 қараша, 2012жыл

 
0
0
428

Осы тақырып бойынша

“Тіл сақшысы” Абылай хан даңғылында тексеру жүргізді - Yvision.kz