Алматы көшелері: Тайыр Жароков көшесі
Бүгін «Алматы көшелеріне саяхат» айдарында Тайыр Жароковтың есімімен аталатын көшеге саяхаттап, қазақ әдебиетінің классикалық үлгіде қалыптасуына үлкен үлесін қосқан қазақ совет ақынының өміріне шолу жасамақшымыз. Тайыр Жароков көшесі 1966-жылға дейін «9 линия» деп аталынып келген. Төле би көшесінен басталып, әл-Фараби даңғылына дейін созылып, Абай даңғылын, Жандосов, Сәтбаев, Темирязев көшелерін қиып өтеді. Соғыстан кейінгі жылдары Жароков көшесінің бойына заманауй көп қабатты ғимараттар салына бастаған. Бүгінгі күні бұл көшенің бойында: Тайыр Жароков 1908 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек ауданының Жетібай ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1920 жылы ата-анасы оны қазақ-орыс бастауыш мектебіне оқуға береді. Мектепте үш жылдай білім алып, оқуын сол кездегі Республи…


