«Рух пен тіл» жастары жаңаөзендік мұнайшыны Польшадан Қазақстанға қайтармауды сұрады
Толығрақ:http://rukhpentil.org/?p=1703 «М.Шәуенов ешқандай құқық бұзушылық жасамаған болса, онда отандасымыздың жеке бас қауіпсіздігі үшін Польшада қалдыруды өтінеміз. Өйткені біз тағы бір азаматтың еліміздегі әділетсіз жүйесінен жапа шеккенін қаламаймыз». Бүгін дәл осындай қарсылықтарымен «Рух пен тіл» жастар ұйымы Алматыдағы Польша елшілігі алдында шықты. Атап өту керек, осыдан бірнеше күн бұрын бірқатар БАҚ-тарда жаңаөзендік мұнайшы Мейірман Шәуеновтың Польшада тұтқындалғаны жөнінде хабар тараған болатын. Ұйым жастары мұнайшы Мейірман Шәуеновтың қандай себептер бойынша, қандай негізінде ұсталғаны туралы Польша Республикасының ресми түсіндіруіп беруін талап етті. Сондай-ақ, отандасымыздың елге қайтарылмауын сұрады. «Егер ол елге қайтып келсе, Жаңаөзенде әділеттілік үшін күресіп, ақиқатт…
