Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Рух пен тіл» жастары жаңаөзендік мұнайшыны Польшадан Қазақстанға қайтармауды сұрады

Толығырақ:http://rukhpentil.org/?p=1703
DSC01321

«М.Шәуенов ешқандай құқық бұзушылық жасамаған болса, онда отандасымыздың жеке бас қауіпсіздігі үшін Польшада қалдыруды өтінеміз. Өйткені біз тағы бір азаматтың еліміздегі әділетсіз жүйесінен жапа шеккенін қаламаймыз». Бүгін дәл осындай қарсылықтарымен «Рух пен тіл» жастар ұйымы Алматыдағы Польша елшілігі алдында шықты.

Атап өту керек, осыдан бірнеше күн бұрын бірқатар БАҚ-тарда жаңаөзендік мұнайшы Мейірман Шәуеновтың Польшада тұтқындалғаны жөнінде хабар тараған болатын.

Ұйым жастары мұнайшы Мейірман Шәуеновтың қандай себептер бойынша, қандай негізінде ұсталғаны туралы Польша Республикасының ресми түсіндіруіп беруін талап етті. Сондай-ақ, отандасымыздың елге қайтарылмауын сұрады.

«Егер ол елге қайтып келсе, Жаңаөзенде әділеттілік үшін күресіп, ақиқатты айтқаны үшін сотқа тартылған Роза Төлетаева, Мақсат Досмағамбетов бастаған 37 мұнайшы секілді оны да соттап жіберуі мүмкін. Біз бұған тосқауыл қоюымыз керек!», – деді ұйым мүшесі Диас Бейсенбек.

БАҚ өкілдеріне үндеуді оқып берген соң, жастар Польша елшілігіне оны тапсыруды талпынғандарымен, елшіліктегі адамдар ұзақ уақыт бойы шықпады. Сөйтіп тек 40 минут өткен соң ғана елшіліктегілер ұйым мүшесі Диас Бейсенбекті елшілік ішіне кіргізіп, петицияны қабылдады.


 
0
0
381

Осы тақырып бойынша

«Рух пен тіл» жастары жаңаөзендік мұнайшыны Польшадан Қазақстанға қайтармауды сұрады - Yvision.kz