Мазмұнға өту

Жаңа

Жастар арасындағы ең өзекті сұрақтар қандай?

Қазақ жастарын осы қандай мәселелер толғандырады? Жастарға не қызық, не ұнайды? Көкейкесті мәселелері бар ма? Оны білу үшін интернеттегі кез келген сұрақ-жауап сайттарына кірсе болғаны. Интернет иірімінде жастардың көпшілігі сұрақ қойып, жауап алатын сайттардың бірі – Surak-Zhauap.kz сайты. Сайтқа кіріп, ондағы ең “өзекті”, ең “қызықты”, әрі ең “айрықша” сұрақтарды таңдап алдық. Бұл сұрақтардың ерекшілігі – оның қарабайырлығында, сұрақ иесінің сана-сезімі мен білім деңгейінде. Сонымен, жастар арасындағы көкейкесті сауалдар топтамасы. Сұрақтар топтамасын президенттен бастайық. Қайткенменде, Тұңғыш президент күні ғой. Осыған байланысты жағымпаздану жолдарын іздеп жүрген бір азамат «Елбасыға жайлытілек керек» деген сауал жолдапты. Сұрақ қасына тілектің қандай болуы тиіс екенін келтірген. «Ел…

0
0
8500

“Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда

“Тіл сақшысы” жобасы енді Талдықорған қаласында да қызметін жалғастырмақ. Республикамыздың бірнеше қаласында сәтті жүзеге асырылып жатқан қоғамдық бақылау енді Жетісу жерінде. Бәрі де Facebook-тегі арнайы топтың белсенді мүшелерінің бастамасымен жүзеге асырылуда. “Қара тақта” деп әлеуметтік желіде құрылған топ (http://www.facebook.com/groups/110745459082056/) нағыз тіл жанашырларын ұйыстырып, сонда азаматтар қателіктерді суреттерге түсіріп, оны көпшілікке жариялап отыр. Енді суреткен түсірілген барлық қателіктерді жинастырып, Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға шағым ретінде тапсырылады. Төменде аталмыш шағым хат берілген. Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы Тәңірберген Қасымақынұлы Қасымберкебаевке «Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы атынан Шағым ха…

0
0
1444

 Тілдер басқармасы “Рух пен тілдің” талабын орындады

“Рух пен тіл” ұйымының бастамасы өз нәтижесін беруде. Осыдан бірнеше апта бұрын тіл жанашырлары “Тіл сақшысы” жобасы аясында Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы, Ахмет Байтұрсынұлы, Жібек жолы көшелерінде және Арбатта арнайы рейд жүргізген еді. Рейд нәтижелері қалалық Тілдерді дамыту басқармасына жіберілген болатын. Сол шағымдар басқармада қаралып, оны орындау мақсатында енді Алматы қаласы прокуратурасына жолданғаны мәлім болды. Бұл туралы басқарма жіберген хатында мәлімдеген. Сондықтан, жастар ұйымының жобасы жерде қалмады, қолдау тапты. Бүгінгі таңда бұл жоба Алматы қаласынан бөлек, Ақтөбе мен Талдықорғанқалаларында сәтті жүргізілуде. Және де өз нәтижелерін беріп келеді. Егер шынымен де өз ортаңды қазақыландырғың келсе, қатарымызға қосыл. Төменде басқарма жіберген хатты жариялап отырм…

0
0
246

Желтоқсан-Жаңаөзен құрбандарын еске алайық!

Құрметті алматылықтар! 16 желтоқсан – Қазақстан үшін ұлттық қасірет күні. 1986 жылы қазақ жастары кеңестік тоталитарлы жүйеге қарсы шығып, наразылықтарын білдіргендері үшін диктаторлық режимнің күшімен аяусыз жаншылған еді. Биыл Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісіне 26 жыл толады.Тәуелсіз Қазақстанның да тарихына бұл күн қасіретті дата ретінде енді. Заңды талап көтеріп, жалақыны жоғарылатуды сұраған Жаңаөзен қаласының ондаған бейбіт тұрғыны мен мұнайшыларына авторитарлы билік оқ атты. Қанды қырғыннан кейін Жаңаөзен мұнайшылары сотталып, жаппай қуғын-сүргінге ұшырады! Бұл күн біздің есімізде мәңгі сақталады! Біз бұл қасіретті ешқашан ұмытпаймыз! Біз Алматы қаласының тұрғындары мен еліміздің болашағына бей-жай қармайтын барлық азаматтарды осы күні Желтоқсан мен Жаңаөзен қаһармандарын еске алып…

0
0
639

«Рух пен тіл» жастары жаңаөзендік мұнайшыны Польшадан Қазақстанға қайтармауды сұрады

«М.Шәуенов ешқандай құқық бұзушылық жасамаған болса, онда отандасымыздың жеке бас қауіпсіздігі үшін Польшада қалдыруды өтінеміз. Өйткені біз тағы бір азаматтың еліміздегі әділетсіз жүйесінен жапа шеккенін қаламаймыз». Бүгін дәл осындай қарсылықтарымен «Рух пен тіл» жастар ұйымы Алматыдағы Польша елшілігі алдында шықты. Атап өту керек, осыдан бірнеше күн бұрын бірқатар БАҚ-тарда жаңаөзендік мұнайшы Мейірман Шәуеновтың Польшада тұтқындалғаны жөнінде хабар тараған болатын. Ұйым жастары мұнайшы Мейірман Шәуеновтың қандай себептер бойынша, қандай негізінде ұсталғаны туралы Польша Республикасының ресми түсіндіруіп беруін талап етті. Сондай-ақ, отандасымыздың елге қайтарылмауын сұрады. «Егер ол елге қайтып келсе, Жаңаөзенде әділеттілік үшін күресіп, ақиқатты айтқаны үшін сотқа тартылған Роза Төл…

0
0
1042

Жазушы Дулат Исабековпен кездесу өтеді

8 желтоқсан күні «Рух пен тіл» жастар ұйымы жазушы, қоғам қайраткері Дулат Исабековпен кездесу өткізеді.

Қаламгердің бүгінгі шығармашылығы, қоғам мен мемлекет жөніндегі ойлары, ұлттық мүдде мәселесіндегі қазақ зиялыларының ролі және т.б. өзекті мәселелер жастардың осы жиынында айтылмақ.

Сенбілік кездесуге келем деушілерге есігіміз ашық! Қазақ жастарын ұлт мәселесі төңірегінде үн қосуға, пікірлесуге ұсыныстарын айтуға, оны бірге жүзеге асыруға шақырамыз! Өйткені, ұлт мәселесі  – барлығымызға ортақ!

Сонымен, кездесу Алматы қаласында, 8 желтоқсанда, сағат 15:00-де.

Мекен-жайы: Қастеев к-сі, 41 А (Қабанбай батыр к-нің қиылысы).

Байланыс тел.: 8 702 585 15 85, 8 771 454 33 67, 8 707 776 79 93

0
0
368

Үміт

Бір қызық жай болады, үлкен азаматтар қатарында жүрген кезде. Біраз қиындықтар туғызып жүрген сұрақтарды талқылау барысында қалыптасқан жайлардың өзгертуі мүмкінсіздігі. Осыған орай, айтеуір біреуі осы жастарымыздың белсенділігіне қарап, келешекте жеке кәсіпкерлікпен немесе қызмет қабылдау барысында бір ерекше түрде болатынына сеніммен қарайды. Сондай үлкен жауапкершілікті түсіне отырып, бір үлкен өзгерістер енгізу қиындау деп ойлайсың. Сол үшін топтасып жұмыс істеген әлде қайда тиімді боларын түсінесін. Белсенді жастарды байқап, қатарымызға қосуды ұмытпауымыз керек. Ондай азаматтар орынсыз жерде болатын болса, келешекте үлкен қиындықтар тууы ықтимал.

0
0
324