Азаматтарды қабылдау кестесі
Алдын-ала жазылу үшін Мекен жайымыз: Иманов көшесі 108 ғимарат, тел. 87113522155

Алдын-ала жазылу үшін Мекен жайымыз: Иманов көшесі 108 ғимарат, тел. 87113522155

«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған аудандық мәслихат депутаты Берік Қабделұлы Ихсанов азаматтарды қабылдау кестесі бойынша Жәнібек ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары көкейтесті қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды.

“Nur Oran”партиясы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы және "Канвассинг"шарасы шеңберінде Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Салтанат Кенжалиева ,жастар нұсқаушысы Асхат Акишев ауыл тұрғыны алтын құрсақты ,батыр ана Зара Карекенованың үйінде болып оның хал-жағдайымен танысты.Өз сөзінде Салтанат Кенжалиева ауылымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп ауыл -тұрғындарынның әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады.Өз кезегінде Карекенова Зара анамыз көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп,қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстар тіледі.

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Азамат Сафималиев аудан тұрғындарын қабылдады.Қабылдауға келушілердің негізгі тілек-өтініштері жұмысқа тұру, баспаналы болу, арендалық үйді жекешелендіру, жер, қайтарымсыз несие алу, үй кезегі мәселесіне қатысты болды.Қабылдау барысында азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдап, түскен өтініш-тілектерді таразылай келе аудан басшысы әр өтінішті қолданыстағы заң нормаларына сәйкес орындалу қажеттігін айтып, қабылдауға келген тұрғындарға мәселенің шешілу жолын егжей-тегжейлі түсіндірді.Тұрғындар Н.Шилихина, Г. Мұқанова, Н. Үмбетәлиев, Н. Сайфеденова, Қ.Исмаков, Ж.Құбаева, Р.Үмбеталиева, Ж.Ажмұханова, А.Сабитова, И.Ахметқалиева, Л.Шагирова, Р.Бұйрабасова, Л.Садрединова, А.Қожасова, Б.Бексеитова, М.Нысанбаев, А.Болатова, Л.Садир…
«Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бағытында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының жанындағы «Жұмыспен қамту, халықтың әлеуметтік осал топтары, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі»(С.Избасова) және «Ұлт денсаулығын, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі» (Б.Ихсанов) Қоғамдық Кеңестер төрағаларының төрағалық етуімен отырыстар өткізіліп, ауданның білім беру және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы тиісті мемлекеттік мекемелер басшыларының есептері тыңдалды. Кеңестердің қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты жауапты мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берілді.

Қайырымдылық айлығы аясында Ақоба ауылдық мәдениет үйінің ұжымы ауыл тұрғыны, Бажиев Кабдилханның отбасына азық-түлікпен, тұрмыстық заттармен көмек көрсетті...
Мейрам Мұхтарұлы бастаған мәдениет үйінің ұжымына алғыс білдіреміз...
Қайырымдылық айлығы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады...

"Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінің қатысуымен Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен автожолдын орташа жөндеу жұмыс процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «РСУ-1» ЖШС болып анықталған. Техникалық қадағалаушысы «Компания Құрылыс Көмек» акционерлік компаниясы белгіленген. Жөнделетін автобильдік жолдың ұзындығы 25 шақырым. Құрылыс қарқыны жақсы жүріп жатыр, жөндеу жұмыстарының аяқталуы ж…
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өткізілді.Отырысты филиал төрағасы А.Сафималиев төрағалық етті.Отырыс күн тәртібіне сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру бойынша қолға алынған шаралар туралы Жәнібек аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиевтің, сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиевтің, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Искаковтың және аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Мейрамбек Ибатовтың есептері тыңдалды.Жиынды қортындылаған «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы Сыбайлас жемқор…
«Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық » партиялық жобасы және «Канвассинг» шарасы шеңберінде Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Біржан Қуанәлиев Жәнібек ауылының тұрғыны зейнеткер Түменов Нұрманның үйінде болып, оның хал-жағдайымен танысты.
Өз сөзінде Біржан Қуанәлиев ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Өз кезегінде Түменов Нұрман көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп, қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстыр тіледі.

Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Nur Otan» партиясының "Кедіргесіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спорттық шара өтті. Шарада аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев қатысты.

