Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңес
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының Өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңестің жұмыс жоспарына сай партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатырған шараларының іске асыру барысына партиялық бақылау жасау мақсатында «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланған Жәнібек аудандық мәслихат депутаттары: «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев, Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов ,М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің директоры Берік Ихсанов және өңірлік даму жөніндегі Қоғамдық Кеңестің мүшелері «Казталов–Жәнібек–Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Жәнібек–Казталов» бөлігінің 53-95 км (жалпы қашықтығы – 42 км) және 95-138 км (жалпы қашықтығы – 43 км) жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарының жайымен танысып қайтты.
Аталған жұмыстарды «ҚазАвтоЖол» РМК тапсырысы бойынша «ТемірЖолҚұрылыс» ЖШС атқаруда. Осы ұйымның өкілі Ринат Айтқалиевтің берген түсіндірмесі бойынша биылғы жылдың соңына дейін 18 км жол бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілмек.
Осы орайда, аудандық мәслихат депутаттары Біржан Қуаналиев, Тахир Кадимов және Берік Ихсанов және өңірлік даму жөніндегі кеңестің мүшелері іске асырылып жатырған жобаның зор маңыздылығына тоқталып, жұмыстардың мұндай қарқынына көңілдері толмайтындығын алға тартып, олардың баяу жүргізіліп жатырғандығына сын білдірді. Осы орайда олар жұмыстарды барынша жеделдету бойынша шаралар кешенің қабылдау және жұмыстарды атқару барысында сапаға зор көңіл бөлу қажеттілігін атап өтті.

