"Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!"
"Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасының Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттерді орындау мақсатында Жәнібек аудандық мәслихат депутаттары Ихсанов Берик Қабделұлы мен Кадимов Тахир Зинурұлы Жәнібек ауылының М.Утемисов көшесінде жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының атқарылуымен танысып келді. Учаскі басшысы Кубаев Махамбеттің айтуы бойынша бүгінгі күні белгіленген жол учаскісіне ПГС материалы төселіп, тапалып, үстіне ірі фракция қиыршық тас түсіріліп жайылады. Одан кейін уақ фракция төселіп, тапалып, үстінен екі қабат асфальт салынады. Жалпы аталған көшенің жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланып 2022 жылы аяқталады. Өз тарапынан депутаттар жасалып жатырған жұмыстың сапалы орындалуының қажеттілігін учаскелік басшысына ескертті.

