"Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай БҚО бойынша "Nur Otan" партиясы аймақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдары арасында өтетін "Бастауыш - партия негізі" айлығының аясында Жәнібек ауылындағы "Батыс" бастауыш партия ұйымының мүшелері 13 қарашада "Чемпионмен жаттығу" шарасын ат спорты шебері Бейбіт Ароновпен балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спорт алаңында ұйымдастырды. Оң істерге табиғат та қолдау көрсеткендей, күн шуағын сепкен демалыс күні таңғы жаттығулар денені сергітіп, позитивті көңіл-күй сыйлады.📷📷📷
#чемпионменжаттығу
#бастауышпартиянегізі2021
#первичкаосновапартии2021

