Ерлікке тағзым-әркімнің міндеті
Семей гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласынан Ауғанстанға борышын өтеуге аттанған интернационалист- жауынгерлерді еске түсіруге арналған акция өткізді. Шара әскерлердің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ойластырылды. «Интернационалист-жауынгерлер» ескерткішінің алдына ауған жерінде болған жауынгерлер, қайтыс болған сарбаздардың ата-аналары, Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының тәрбиеленушілері, студенттер мен оқушылар жиналды. Әскерлерді Ауғанстаннан шығарудың 24 жылдығына арналған гүлдестелер қою рәсімін Семейдегі Ауғанстан соғысы ардагерлер ұйымы, Семей қаласы әкімшілігі ұйымдастырды. Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Самат Төлепаев басшылық жасады. Шара соңы концертке ұласты. Концертте «Шығыс» өңірл…