ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жақсылықтың жүлдесі үшін

 

Қызылордада қазақтың даңқты балуаны, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін грек-рим күресінен жастар арасында өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Бұл жарысқа республикамыздың бар­­лық аймағынан келген 200-ден аса үміткер қатысты. Алғашқы күні төрт салмақдәрежесі бойынша же­ңім­­­­паздар мен жүлдегерлер анық­тал­ды. Осы турнирде топ жарған  бал­уан­дар­ға спорт шебері атағы бе­­­­рі­­­ле­­­­тін­діктен, боз кілемге шыққан өрен­дердің барлығы да барын салуға тырысты.

50 және 96 келі салмақ дәрежесінде жарыс қожайындары топ жарды. Олар – Мейірман Әлізақ пен Ерсайын Сайфуллин. Алғашқысы шешуші тұста өзінің командалық әріптесі Нұржан Сәтмағамбетовті ұтса, екіншісі Қырғызстаннан келген Қамбар Жорабековті жеңді. 50 және 60 келі салмақтарда Жамбыл облы­сы­ның өкілдері – Дастан Үскенбеков пенӘбунәсір Өмірзақ озды.

Келесі күні де тартысты бәсекелер өз жалғасын тапты. 55 келі салмақтың бас жүлдесі «айыр қалпақты» ағайын­дарға бұйырды. Ақтықайқасқа дейін алқынбай жеткен Осконбай Абду­па­таев астаналық Ахмет Ізбасқаннан айласын асырды. 66 келі салмақта Жә­нібек Қандыбаевқа теңкелер ешкім табылмады. Тараздың тастүлегі финалда шымкенттік Абылайхан Әмзеевті сүріндірді. Жас балуанның асқан шеберлігіне тәнті болған тө­ре­шілер алқасы осы турнирдің ең үздік балуаны ретінде Жәнібекті арнайы сыйлықпен марапаттады. 84 келі сал­мақта Санжар Бағашардың шоқтығы биік болды. Финалда ол Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Рашид Кочиевті қапыда қалдырды. Осы орай­да Санжар балуандар әулетінен шыққан дарынды жастардың бірі екенін айта кеткен жөн. Оның әкесі Бақтияр Байсейітов грек-рим күре­сі­нен әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері. 120 келі салмақта Шығыс Қазақстан облысынан келген Салават Ахметқалиевтың асығы ал­шысынан түсті.