Мазмұнға өту

Жаңа

«Шырмау». Арнайы тележоба («Қазақстан» ҰТА, 2013 ж.)

Жанды шарпыған дертке, сананы улаған кеселге, азапты күндерге толы тығырықтан шығатын жол қайсысы? Әлемдік деңгейдегі проблемаға айналған есірткі тасымалы туралы «Шырмау» арнайы тележобасында – 26 маусым күні сағат 18.55-те Ұлттық арнада.

0
0
292

«Қолды болған миллион». Көркем фильм (Ұлыбритания, 1994 ж.)

Бұрын полицей болған Шэйм қауіпті жұмыстарды атқаратын. Оның тәжірибесін пайдаланғысы келген досы қолды болған ақшаны іздестіреді. Бұл істі абыроймен атқару Шэймге оңайға соқпайды.

0
0
378

Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы Бас хатшысының көмекшісі Хатим Сәлим әл-Арнусты қабылдады.

2013 жылғы 25 маусымда ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша халықаралық орталығы Бас хатшысының көмекшісі Хатим Сәлим әл-Арнусты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Сауд делегациясының а.ж. 25 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10-жылдығына арналған Съез Хатшылығының мерейтойлық XII отырысы мен Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуының ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.

Анықтама: Вена қаласында орналасқан Король Абдалла бен Әбдел Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбат бойынша Халықаралық орталық әлемдегі түрлі діндерді ұстанушылардың арасындағы үнқатысуды арттыру мен оның мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында ашылған. Орталық «тәуелсіз, саясат және экономика ықпалынан азат халықаралық мекеме болып табылады». Құрылтайшы мемлекеттер: Сауд Арабия Корольдігі, Австрия Республикасы мен Испания Корольдігі.

 
0
0
440

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты курсанттарының конференциясы

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтында курсант тар мен студенттердің «Қазақстан-2050. Біз – өз болашағымыздың құрылысшысымыз» атты ІІІ жыл сайынғы ведомствоаралық ғылыми-теориялық конференциясы болып өтті.

Конференция жұмысына 120-дан астам жоғары оқу орындарының студенті мен басқа да әскери және азаматтық жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатысты.

Конференция мақсаты курсанттар мен студенттерді оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын талқылау, оларда қазақстандық отансүйгіштік сезімін қалыптастыру болды.

Әскери білім беру жүйесіндегі, ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы курсанттардың роліне, болашақ офицерді сапалы даярлаудың негізі болып табылатын курсанттардың ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруының қажеттігіне үлкен көңіл бөлінді.

Конференция жұмысы әскери-инженерлік және гуманитарлық пәндер бойынша жеті секцияда ұйымдастырылды. Конференция барысында қатысушылар баяндама жасап, Мемлекеттің қазіргі заманғы даму кезеңінде курсанттар мен студенттерді оқыту сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Осы іс-шара барысында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты курсанттары конференциялар, дебаттар, байқаулар мен олимпиадаларға қатысқан өткен оқу жылының жемісті болғандығы атап өтілді.

Ғылыми секциялардың төрағалары мен хатшылары ретінде институт курсанттарының өздері шықты, сонысымен олар институт қолбасшылығының курсанттарда дербестік пен тапсырылған іске деген жауапкершілік ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, жеке құраммен жұмыс істеу қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру жөніндегі мақсатын іске асырды.

Курсанттар ғылыми даярлықта, аудиторияға өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсына білуде, талдау жұмыстарын жүргізіп, материалдарды біріктіре білуде өздерінің үздік қасиеттерін көрсетті.

Курсанттардың, студенттер мен тыңдаушылардың үздік баяндамалары институт бастығының дипломдарымен және грамоталарымен атап өтілді. Конференцияға қатысушылардың барлығына сертификатар табыс етілді. Курсанттардың үздік баяндамалары конференция еңбектерінің жинағына енетін болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
1455