Сауапты істен құр қалмайық достар!
Әс-сәләму ъалйкум уә рахмәтуллаһи уә бәракәтуһ! Құрметті жамағат! Өздерңізге белгілі осы ай айлардың сұлтаны – қаситетті Рамазан айы. Рамазан айын барша мұсылман құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды: «Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар. Көп Құран оқыңдар. Өйткені, рамазанда оқылған Құран Кәрімнің әр әрпі үшін Хақ та’ала жәннат бақшаларынан бір бақша береді». «Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүміндерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу…