Баспасөзді қызықтыратын пресс-релизді қалай жазу керек? Онлайн вебинардың нәтижелері.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана ұжымы 14 қаңтар сағат 11:00-де Zoom платформасында өңірдегі арнайы кітапханалар қызметкерлеріне біліктілікті жоғарылату мақсатында онлайн вебинар өткізді. Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана координациялық-әдістемелік орталық ретінде «Баспасөз хабарламасын дұрыс жазудың 5 қадамы», «Шара өткеннен кейінгі хабарлама жазудың құпиясы» тақырыптарын кеңінен алға тартты.Вебинар тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. Баспасөз хатшыларының негізгі міндеті БАҚ өкілдерімен – оффлайн режимінде, ғаламтор негізінде байланыс орнату. Барлық қажетті ақпаратты уақтылы, шынайы және қатесіз беру өте маңызды. Бұл ретте баспасөз хатшылары өздері өкілдік ететін кітапханалардың оң имиджіне жауапты.Кітапханада өтетін…